БҚО әзірге жасыл аймақта тұр
БҚО-да бір аптада коронавирус жұқтырған 227 жағдай тіркелді. Олардың басым бөлігі ЖРВИ белгілерімен анықталды. Бүгінгі таңда емханада 135 адам ем қабылдап жатыр.

Бұл жөнінде коронавирусты алдын алу бойынша жедел штаб отырысында БҚО-ның бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев айтты.
-Облыс бойынша 1-6-шы желтоқсан аралығында коронавирус жұқтырған 227 жағдай тіркелді. Басым көпшілігі ЖРВИ белгілерімен емханаға келіп, коронавирус инфекциясы анықталғандар – 51%. Қатынаста болғандар – 32%. Алдын алу мақсатында жолыққандар – 13%. Эпидқадағалау мақсатында – 4%. Жалпы коронавируспен ауырған адамдарды емдеуге 359 жатын орын бар. Қазіргі таңда оның 135 адам ем алып жатыр, – деді Арыспаев.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 712 адам тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Павлодар облысы – 106;
- Шығыс Қазақстан облысы – 100.
Республика бойынша барлығы 136 983 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 120 799.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 2 088-ге жетті (6 желтоқсанда тіркелгендер саны – 9).
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 43 106 адам ауырып, 454 науқас көз жұмған (6 желтоқсанда тіркелген науқас саны – 33, көз жұмғандардардар жоқ).
Серік ЕСЕНОВ