БҚО-да геопортал іске қосылды

Қазір мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялық процестер жүзеге асырылуда.

Сурет:24tv.

Порталды құру екі кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде жаңа жобаның бағдарламасы, екінші кезеңде геопортал интеграциясы мен толтырылуы орнатылды. Геопорталдың іске қосылуының арқасында жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізу жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де бірдей болады.

«Бұл геопорталда бос және жұмыс жасап тұрған жер учаскелерінің, сондай-ақ коммерциялық және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін сауда-саттыққа қойылған жер учаскелерінің схемалары, жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте тұрғандардың тізімдері, бос және пайдалануға берілген кен орындары, орман және су қорының объектілері, гидротехникалық құрылыстар және магистральдық құбырлар ұсынылған. Сондай-ақ, автомобиль және темір жолдар, инженерлік желілер, ауылшаруашылық жерлер, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және туризм нысандары белгіленеді. Бас жоспарлар, елді мекендерді егжей – тегжейлі жоспарлау жобалары сияқты қала құрылысы құжаттамасы ұсынылады. Бұдан басқа, геопортал арқылы жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестері оларды электрондық түрде көрсету мақсатында автоматтандырылады,» – деп хабарлады БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлеев.

Оның айтуынша, қазір мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялық процестер, геопорталды графикалық және атрибуттық деректермен толтыру жүзеге асырылуда. Интеграциялық жұмыстар аяқталғаннан кейін, ағымдағы жылдың соңына қарай геопортал пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Геопортал пайдалануға берілгеннен кейін жеке және заңды тұлғалар үшін бірыңғай кеңістіктік деректер базасына ашық қолжетімділік қамтамасыз етіледі, тиісінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің едәуір төмендеуі күтіледі, өйткені көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысы жойылады, барлық мемлекеттік қызметтер тек электрондық түрде көрсетілетін болады,» – деп атап өтті Мұрат Өмірәлеев.

Еске сала кетейік. Батыс қазақстан облысы бойынша цифрландыруға жататын жерлердің жалпы ауданы 6 519 808 га құрайды, оның ішінде егістік 541 801 га, жайылымдық алқаптар 5 527 200 га, шабындық алқаптар 450 035 га.қазіргі уақытта цифрландырылған ауыл шаруашылығы алқаптарының саны 5 605 536 га құрайды, бұл жалпы санның 86%-ын құрайды.

Дереккөзі:zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером25.27 ℃
Ночью22.59 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.29 м/с
2024-09-10
Утром17.98 ℃
Днем27.63 ℃
Вечером26.61 ℃
Ночью22.19 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.02 м/с