БҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты
Тойота Камри жеңіл автокөлігінің Камазбен соқтығысуы 10 желтоқсанда «Самара-Шымкент»тас жолында орын алды. Қақтығыс салдарынан Тойотаның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі Қобда ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды.
27 жастағы жүргізуші басқарған Тойота Камри автокөлігі батыс бағытта келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Камаз»маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берді. Қақтығыс салдарынан Тойота Камридің үш жолаушысын қаза тапты. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы Қобда ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
Авария фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі «Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тергеу жүргізілуде. Құқық бұзушы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға жеті жылға дейін тыйым салынады.
Нана Иксанова
Фото БҚО ПД