Елімізде Covid-19 жұқтырғандар саны 142 325-ке жетті
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 747 адам, өңірімізде 41 адам тіркелді.

Республика бойынша барлығы 142 325 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 126 182.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 2 145-ке жетті (13 желтоқсанда тіркелгендер саны – 7).
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 43 952 адам ауырып, 464 науқас көз жұмған (13 желтоқсанда тіркелген науқас саны – 17, көз жұмғандар жоқ).
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 240 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде індетке шалдыққандар саны 8564-ке жетіп, соның 7591-і жазылып шықты.
Өкінішке қарай, 144 адам көз жұмды.
Соңғы тәулікте 41, бір аптада 260 адамның сырқаттанғаны тіркелді.
Пневмонияға шалдыққан 133 адам стационарда жатса, 50-і амбулаторлық ем алуда.
Пневмониядан барлығы 239 адам қайтты.
Төрт адам өкпені жасанды желдету аппаратына, тағы алтауы оттегі концентраторына қосылған.
Қазіргі кезде жұқпалы аурулар ауруханаларында 141, карантиндік стационарларда 48 адам ем алуда.
Облыста қыркүйек айынан бері 161 бала коронавирус жұқтырған. Соның ішінде қыркүйек айында – 4, қазанда – 5, қарашада – 102, желтоқсанда 37 бала ауырды. Сондай-ақ қарашада 12, желтоқсанда 1 балабақша тәрбиеленушісі сырқаттанды.
Желтоқсан айында Ресеймен шектесетін мемлекеттік шекарадан 52459 адам өтті. Соның ішінде анықтамасы жоқ 1651 адамның 29-ынан КВИ табылды.