Жер салығынан кімдер босатылады?

Мүгедек баланың ата-анасының бірі жер салығын төлемейді. Қазақстан заңнамасы бойынша бірнеше санаттағы тұлғаларға осындай жеңілдік бар.

Ашық көздерден

ҚР Салық кодексі, 498-бап, 3-тармақ, 4-тармақшасына сәйкес:

«3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар жер салығын төлеушiлер болып табылмайды:

4) (…), бала жасынан мүгедектiң, мүгедек балалардың ата-анасының бipeуi (…):

тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi; үй маңындағы жер учаскелерi; құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi; гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша».

Салық органы мамандарының мәліметінше, ерекше балалар мен олардың ата-анасы туралы мәлімет медициналық-әлеуметтік комиссия базасымен интеграцияланған. Барлық мәлімет Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында бар. Сондықтан, ерекше баланың ата-анасының біріне жер салығынан босатылу үшін ешқайда барып, өтініш жазудың қажеті жоқ.

Баланың ата-анасының ЖСН мәліметтері салық органының базасында сақтаулы. Осылайша ата-ананың бірін жер салығынан босатылады. Мамандар кейде түрлі факторлардың салдарынан жер салығы туралы хабарлама келіп қалған жағдайда, салық органына баруды ұсынады.

Айта кетейік, жер салығынан босатылу жеңілдігін ерекше баланың ата-анасының бірі пайдаланады. Егер ата-анасының екіншісінің атында жылжымайтын мүлік тіркелсе, онда жер салығын төлеуі тиіс.

Жалпы, ҚР Салық кодексінің 498-бабына сәйкес, жер салығынан ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, тыл ардагерлері мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар мен мүгедектер де босатылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.46 ℃
Вечером9.99 ℃
Ночью6.75 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром4.1 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером10.71 ℃
Ночью8.05 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.36 м/с