БҚО-да адам өліміне соқтырған бірнеше жол апаты болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның екеуі Орал-Атырау жолының бойында орын алды.

Көрнекі сурет ашық көздерден

Бәйтерек ауданы аумағында 14 желтоқсан күні сағат 18.30-да Орал-Атырау жолының 29-шақырымында 53 жастағы жүргізуші «Нива» автокөлігімен келе жатып, «КамАЗ» автокөлігінің жанында тұрған 40 жастағы жүргізушіні қағып кетті. Соның салдарынан ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Сондай-ақ 18 желтоқсан күні шамамен сағат 18.35-те аталған жолда 39 жастағы жүргізуші «ВАЗ» автокөлігімен басып озамын деп, қарсы келе жатқан «Аудимен» соқтығысуға жол берді. Салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жолаушылары Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. 43 жастағы әйел түрлі жарақат алса, 57 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды.

Тағы бір оқиға Орал қаласында болды. 16 желтоқсан күні шамамен сағат 18.30-да 42 жастағы жүргізуші «Toyota Corolla» автокөлігімен Н.Назарбаев даңғылымен келе жатып, 20 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жігіт облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, 9 сағаттан кейін жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, автокөліктер арнайы тұраққа қойылды.

Қазіргі кезде үш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-10
Утром6.17 ℃
Днем12.09 ℃
Вечером11.87 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.37 м/с
2026-04-11
Утром7.27 ℃
Днем8.14 ℃
Вечером8.04 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра9.07 м/с