БҚО covid-19 вирусының таралу қарқыны бойынша сары аймаққа көшті
Батыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «сары» аймаққа көшірілді. Бұл аймақта облыс үшінші күн тұр.

«Сары» аймақта болу қолданыстағы карантиндік шаралардың сақталуын және оларды бақылауды күшейтуді білдіреді.

