БҚО-да қаңғыбас иттер тұрғандардың малдарына шабуыл жасауда (БЕЙНЕ)

БҚО Жаңақала ауданында қаңғыбас иттер тұрғындардың төрт түлігін талап жеуде. Иттердің малдарға шауып жатқан видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Жаңақала тұрғыны Айболат Бөкенов осы жылдың тамыз айында нағашысының екі ешкісі мен бір қойын жеп кеткенін айтады.

— Бұл жағдай тамыз айында болды. Мен оны өз көзіммен көргем. Енді 25-ші желтоқсан да тағы осындай жағдай орын алды. Ауыл адамдары Жаңақала деген уатцап группаға жіберді. Ауылда қаңғыбас иттер толып жүр. Ветеринарлар «иттерді атуға рұқсат беретін заң жоқ» дейді. Ауыл тұрғындары балаларын сабаққа жалғыз жіберуге қорқады. Тамыз айында болған жағдайдан соң әкімшілік: «бұл мәселені шешетін қауқарымыз жоқ» деді. Ауданда иттерді қамайтын арнайы орында, био-залалсыздандыру жасайтын мамандар да, құралдар да жоқ, — дейді Айболат Бөкенов.

Жаңақала ауданы ветеринарлық бөлімі басшысы Мұрат Досмұхамедов осы жылы 200-ге жуық ит атылғанын айтып отыр.

— Қараша айында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы ветеринарлық клиникамен келісім-шарт жасасқанбыз. Малға шапқан жағдайдан кейін біз иттерді аулап (ұстап) университетке апардық. Олар 50 итті био-зарарсыздандырудан өткізіп, оларды қайтадан ауылға әкелді. Сонда да қаңғыбас иттердің саны азаймай тұр. Енді қазіргі таңда арыз-шағым бойынша иттерді атып жатырмыз. Малға шапқаны ештеңе емес, адамға шабуы мүмкін, — дейді Мұрат Досмұхамедов.

Серік Есенов 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-09-07
Утром18.57 ℃
Днем19.06 ℃
Вечером16.16 ℃
Ночью14.93 ℃
Влажность74 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра6.88 м/с
2026-09-08
Утром13.22 ℃
Днем15.15 ℃
Вечером15.27 ℃
Ночью13.13 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра7.74 м/с