Оралда бір колледж жекеге берілді

«Аспазшы»ЖШС Сервис және жаңа технологиялар колледжін он жыл басқарады. Оқу орны кейіннен сатып алу құқығынсыз берілді.

Облыстық білім басқармасының пайымдауынша, колледждерді «жеке қолға» беру колледждердің күрделі шығындарына мемлекеттік бюджеттің жүктемесін қысқартуға мүмкіндік береді.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Аяжан Жүнісова қазір тағы бір колледжді тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

– Келесі жылы Индустриялық колледж «Орал трансформатор зауыты»АҚ басқаруына беріледі. Қазір біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, колледж дәл осындай шарттармен – он жылға және кейіннен сатып алу құқығынсыз берілетін болады, — деп хабарлады Аяжан Жүнісова.

Оның айтуынша, колледждерді сенімгерлік басқаруға берудің басты шарттарының бірі-материалдық-техникалық базаны нығайту болып табылады.

– Қажет болған жағдайда жеке инвестор колледжде күрделі немесе ағымдағы жөндеу жүргізуі тиіс. Колледжді тапсыру кезіндегі басқа шарттар шартта жазылады. Педагогикалық ұжым сол құрамда қалады, колледжде студенттерді оқытуға мемлекеттік тапсырыс бұрынғысынша сақталады. Колледждерді жеке басқаруға беру бойынша барлық рәсімдер тендерлік негізде өтеді, — деді Аяжан Жүнісова.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 34 колледж жұмыс істейді, онда 17 мыңға жуық студент білім алуда.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-01-25
Утром-17.01 ℃
Днем-9.53 ℃
Вечером-11.58 ℃
Ночью-10.08 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.8 м/с
2022-01-26
Утром-6.59 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-4.16 ℃
Ночью-5.99 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.69 м/с