БҚО-да браконьерлік үшін бостандығы шектелген адам мемлекетке 16 млн теңге төледі

Батыс Қазақстан облысында браконьерлік әрекеті үшін бостандығы шектелген адам мемлекетке келтірген шығынын толық өтеп, бостандыққа шықты. Осы мақсатта ол өзінің иелігіндегі бар малды сатып жіберген деп хабарлайды ҚазАқпарат БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаментке қарасты пробация қызметінің өкілдері қоғамнан оқшауланбаған, тек бостандығы шектелген адамның осыншама ірі көлемдегі шығынды өтеуі тұңғыш рет болып отырған оқиға екенін айтады.

«Қылмыстық құқық бұзғаны үшін екі жыл бас бостандығы шектелген адам мемлекетке 16 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өз еркімен өтеуге шешім қабылдады. Оның жазаны өтеу кезеңінде зиянды құқық бұзушылықтар жасамағанын, мемлекетке келтірілген зиянды толығымен өтегенін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында көзделген жазаны өтеудің нақты мерзімін өтегенін ескере отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулы қабылданды. Қаулы заңды күшіне енді», — дейді БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы Азамат Ізтілеуов.

Жазасын өтеуші Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтардың бірінің басшысы болған екен. Ол шығынды өтеу үшін барлық сиыры мен жылқысын сатып жіберген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-22
Утром20.71 ℃
Днем29.82 ℃
Вечером31.61 ℃
Ночью25.51 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра3.32 м/с
2026-07-23
Утром23.38 ℃
Днем30.54 ℃
Вечером23.34 ℃
Ночью24.95 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра10.96 м/с