БҚО коронавирустың таралу қарқыны бойынша сары аймаққа көшті. Шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін
Батыс Қазақстан облысы covid-19 таралу қарқыны бойынша сары аймаққа көшті. 1-8 қаңтар аралығында облыста 261 адам ауырып қалды, оның 19 — ы балалар. Егер аймақ сары аймақта бір аптадан астам уақытқа созылса, шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін.

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 7 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақтан шыққан еді.
Осылайша, «қызыл» аймақта Қазақстанның бір де бір өңірі қалмаған.
«Қызыл» аймақтар бойынша бүгінгі матрица өзгеріссіз қалды.
Тек «сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді.
Қалған өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.
Бүгінгі күнде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 160 мың адамнан асты.
Бүгінгі күні облыста КВИ 9482 жағдайы тіркелген (оның ішінде 4825 симптомдармен және 4657 симптомсыз). Барлығы 8208 адам сауығып, 174 адам қайтыс болды.
Тәулігіне 43 жаңа жұқтыру жағдайы тіркелді (симптомдық – 20, симптомсыз – 23). Бұл жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ЖРВИ белгілерімен анықталды-37,2% (16 жағ.), инфекция ошақтарын тексеру кезінде жанасушыларда-23,2% (10 жағ.), алдын алу мақсатында – 34,8% (15 жағ.), ауруханаға жатқызу алдында эпидқадағалау мақсатында – 4,6% (2 жағ.).
Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру саны 1,1% – ға өсті (3 жағ.). 1 қаңтардан бастап 261 жағ. (симптомдық – 160, симптомсыз – 101). Олардың ішінде 19 жағдай — балалар ауруы.
7 инфекциялық стационардың толымдылығы 359 төсек-орын көлемінде 181 адамды құрады (50,4 %). Сондай-ақ 21 адам реанимациялық төсектерде ұсталады (барлығы 41 адам). Резервте 2028 төсек бар.
СЭКД баспасөз қызметі егер БҚО сары аймақта қатарынан 1-2 апта болса, шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін екенін атап өтті.