12 қаңтарда орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
Нәтижесінде парламенттің төменгі палатасына жеті пайыздық межеден өткен «Нұр Отан» – 76, «Ақжол» – 12, «Қазақстан Халық партиясы» – 10 мәжіліс мандатына ие болған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елде жалпы, 1,9 млн сайлаушы бар, олардың 7 539 280-і (63,3 пайыз) сайлау күні бюллетень алған. 72,2 млн адам партияларға дауыс берген.
Қазақстанда заң бойынша, парламентке жеті пайыз дауыс жинаған партиялар өтеді. Парламенттің төменгі палатасындағы 107 депутаттың 98-і партиялық тізім бойынша сайланады, қалған тоғызын Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды. Бұл ұйымның атынан мәжіліске тоғыз депутат баратыны анықталған.
Есенжол Елекенов