БҚО-да вакцинаны бірінші кезекте алатын адамдардың саны анықталды

Енді «Спутник V» вакцинасы көмектеседі ме. Коронавирусқа қарсы вакцинаны сақтауға арналған жабдық 7,5 млн теңгеге сатып алынбақ.

Ашық көздерден көрнекі сурет

БҚО әкімдігінде өткен оперштаб отырысында БҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев облыста коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып алатын топтар анықталғанын хабарлады. Айта кету керек, «Спутник V» вакцинасы Ресейден сатып алынады.

Басымдықта 7768 медицина қызметкері, 23412 педагог, есепте тұрған созылмалы аурулары бар 100926 адам, медициналық – әлеуметтік мекемелердің 2471 тұрғыны, балалардың жабық мекемелерінен 156 адам және 36905 студент бар, – деп хабарлады Мұхамғали Арыспаев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Арман Қалибеков тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін облыстың медициналық ұйымдары коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина қабылдауға ішінара дайын екенін айтты.

– «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК ауданы 1,2 текше метр мұздатқыш камерасы бар, аудандық ауруханалар деңгейінде жалпы ауданы 2,2 текше метр ұқсас мұздатқыш камералары бар. Бұл көлемдер вакцинаның алғашқы партиясын 80 000 дозада қабылдауға мүмкіндік береді. 2021 жылғы 11 қаңтарда 7 486 749 теңге сомаға вакцинаны сақтау және тасымалдау үшін негізгі тоңазытқыш жабдықты сатып алуға өтінім берілді, оның ішінде мұздатқыш камера – 1 5098 371 теңге, қуаты 16 кВТ ашық орындалатын дизельді электр станциясы – 2 734 448 теңге, екі моноблок – 2 830 000 теңге, шымылдық, термометр – 86 530 теңге, 10 стеллаж – 327 400 теңге. Сондай-ақ, жалпы сомасы 3 052 000,00 теңгеге термоиндикаторлары бар 30 термоконтейнерді, 1 000 800,00 теңгеге МХД -2 1390 хладоэлементтерді сатып алу жоспарланған. Қалалық емханалар үшін 3 393 000 ,00 теңгеге медициналық тоңазытқыштар сатып алу туралы шешім қабылданды, – деді Арман Қалибеков.

Сондай-ақ, ол вакцинацияны қалалық емханалар мен аудандық ауруханалар деңгейіндегі 25 егу кабинетінде дайындалған қызметкерлер жүргізетінін атап өтті. Егу кабинеттері барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

БҚО-да өткен тәулікте коронавирустың 47 жағдайы анықталды

Өткен аптамен салыстырғанда ауру саны 54 адамға артты. Пандемия басталғаннан бері облыста барлығы 9 669 науқас тіркелген,оның ішінде 4 924-і симптомды және 4 745-і симптомсыз.

47 жағдайдан ЖРВИ белгілері бойынша 22 адамда коронавирус анықталды, 14 адам контакты, 11 адамда профилактикалық тексеру уақытында ауру анықталды.

Жылдың 1 қаңтарынан бастап коронавируспен ауыратындар саны 448 адамды құрады, оның ішінде 259 адам симптомды және 189 адам симптомсыз.

Айта кету керек, облыс бойынша 158 мониторингтік топ жұмыс істейді. 1 қаңтардан бастап 1 120 950 теңге сомасына 22 хаттама жасалды. 5-12 қаңтар аралығында 787 590 теңге сомасына 14 хаттама жасалды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с