БҚО-да колледж қызметкері «алаяқтық жасады» деген айыппен тергелуде

БҚО Переметный ауылы Бәйтерек колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Күмісай Тулгабаева алаяқтық жасады деген айыппен тергелуде. Ол әріптесі, колледждің әдіскері Меңдігүл Даулеталиеваның атынан уатсапта чат ашып, адамдарды алдап, ақша жинаған.

Меңдігүл Даулеталиеваның айтуынша, өткен желтоқсан айының 4-і күні жұмыс бөлмесіне Күмісай Тулгабаева келіп, Оралдағы кәсіподақ комитеті ұйымға мүше адамдардың фото-суретін сұрап жатқанын айтып, суретке түсуін сұраған.

– Күмісай кәсіподақ комитетінің төрайымы болғасын ойымда ештеңе жоқ фотоға түстім. Фотоға өзінің ұялы телефонымен түсірді. Жетінші желтоқсан күні мен сырқаттануыма байланысты демалыс алдым. Ауырып жатқанымда Күмісай уатсаптан «Кәсіподаққа сенің жеке куәлігің қажет боп жатыр, фотоға түсіріп жібер» деп, уатсап арқылы аудио жазба жіберді. Ешқандай күмән келтірместен түсіріп жібердім. Содан желтоқсанның 9-ы күні түстен кейін туған сіңлім Меңсұлу хабарласып, «Маған уатсапқа Оралдан Индира Исмайлова деген біреу сенің жеке куәлігіңнің фотосын жіберді. «Сенің апаң алаяқ менің салған ақшамды қайтармай отыр, қайтармаса полицияға арыз жазамын, полиция бөлімінде ағам жұмыс істейді» деп айтты» деді. «Қайдағы ақша?» деп шошып кеттім. Сосын мен Күмісайдан «Менің өткенде түскен фото-суретімді, жеке куәлігімді тек кәсіподаққа бердің бе? Басқа ешкімге берген жоқсың ба?» деп сұрадым. Ол: «Жоқ, тек қана кәсіподаққа ғана бердім» деді. Мен оған бір келіншек ақшасын қайтаруымды талап етіп жатқанын айттым. Сосын ол: «Маған сіңліңе хабарласқан әйелдің нөмірін берші, мен хабарласайын» деді. «Ол әйелді танымайсың ғой, не деп хабарласасың. Онымен не жөнінде сөйлеспекшісің» деп ренжіп телефонды қойып тастадым. Осыдан соң мен одан күмәндана бастадым. Содан уатсаптан тағы бірнеше аудио жазба келді. Тыңдасам Күмісайдың даусы. Мен болып біреулермен сөйлескен. Сөйтсек ол адамдарды алдап, ақша табу үшін менің жеке куәлігімді пайдаланып, билайн нөмір сатып алған. Оны менің атыма тіркетіп, уатсаптан чат ашқан. Онысымен қоймай онлайн түрде каспий голд есеп-шотын да ашып үлгерген. Әлгі чатқа Оралдан, басқа да облыстардан адамдар қосылған. Күмісай олармен мен болып танысып, колледжде әдіскер болып жұмыс істейтінін айтқан. «Ойын ойнатып жатырмын, есеп-шотқа осынша соммада ақша салсаң, осынша ғып қайтарып алсаң» деп бір күннің ішінде 580 мың теңге ақша жинап алған,-дейді Меңдігүл Дәулеталиева.

Оның сөзінше, чатқа қосылған 20 шақты адамның кейбірі жеті мың жіберсе, енді біреулер 35-70 мың аралығында ақша салған. «Бұл жағдайды 9 желтоқсан күні білдім» деген Меңдігүл Дәулеталиева «Kaspi bank»-тың Оралдағы бөлімшесіне келіп, есеп-шотты бұғаттап тастатқанын айтады.

– Менің атымнан несие алып жүрер деп қорқып, дереу «Kaspi bank»-ке бардым. Күмісай 580 мың теңгенің 300 мыңын алып үлгерген. 280 мың теңгедей ақша есеп-шотта қалды,- дейді ол.

Айтуынша, алғашында Күмісай Тулгабаева бұл іс-әрекетін мойындамаған, Бәйтерек аудандық полиция бөліміне үстінен арыз-шағым түсіргеннен кейін, үйіне бірнеше мәрте кешірім сұрап келген.

Күмісай Тулгабаеваның Меңдігүл Даулеталиеваның үйіне келген сәт

– Басында «мен емес» деп мойындаған жоқ. 10 желтоқсанда арыз-шағым түсірген соң «арызыңды қайтып алшы, кешірші» деп үйге күндіз-түні келді. Кешірім сұрағанына дәлел болсын деп, ұялы телефонымның камерасын қоссам, кешірім сұрамай қалады. Ал қолымда телефон жоқ болса, кешірім сұрайды. Менің құжаттарымды заңсыз пайдаланғанын мойындаса да, оған ешқандай шара қолданылмай отыр. Түк болмағандай жұмыс істеп жүр,-дейді Меңдігүл Дәулеталиева.

Күмісай Тулгабаева Меңдігүл Даулеталиеваға уатсап арқылы осылай деп хат жазған

Меңдігүл Дәулеталиеваның күйеуіне  бір әйел телефон нөмірін тауып алып, осылай деп хат жазған 

Алданып қалған адамдар Меңдігүл Даулеталиеваның ұялы телефонына ақшаларын қайтаруын талап етіп, сан рет хабарласқан. Тіпті оның отбасымен түскен суреттерін тауып алып, «мынау алаяқ әйел» деп бүкіл әлеуметтік желіге жүктеген.

– Менің ар-намысыма тиетін балағат сөздер айтты. Вконтакте желісіндегі парақшамнан фотоларды алып, «алаяқ» деп елге масқара етті,- дейді зардап шеккен Меңдігүл Даулеталиева.

Ол жағдайды баяндап БҚО әкімдігіне, білім басқармасына, «Нұр Отан» партиясына, кәсіподақ ұйымына барғанын айтады.

– 21 желтоқсан күні білім басқармасына бардым. Мені басшының орынбасары Зәуре Ғұмарова қабылдады. О кісі барлығын Айгүл Мыңбаеваға жеткіземін деді. Сосын кәсіподаққа соқтым. Олар ешқандай фото сұратпағанын айтты. «Нұр Отан» партиясының мүшесі болғаннан кейін оларға да бардым. Дина Ғалиметденова «Барлығын жазбаша түрде жаз мен оны облыстық прокуратураға, білім басқармасын беремін» деді. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтың атына да орын алған жайтты айтып, хат жаздық,-дейді Меңдігүл Даулеталиева.

БҚО әкімдігінің Меңдігүл Даулеталиеваға берген жауабы

Меңдігүл жағдай ушығып бара жатқан соң Күмісай Тулгабаева күйеуінің каспий голды арқылы барлығының ақшасын қайтарғанын айтып отыр. Және ол Күмісай Тулгабаеваның сіңлісі БҚО прокуратурасында жұмыс істейтіндіктен тергеу барысында бармақ басты, көз қысты бола ма деп алаңдайды.

– Облыстық прокуратурада Алтынай Ғаббасова деген Күмісайдың туған сіңлісі бар. Бұрын аудандық прокуратурада қызмет етіп, кейін қалаға ауысып кетті. Одан көмек сұрайтыны анық қой енді, шынымды айтсам, іс басқа арнаға бұрылып кетпес пе екен деп қатты уайымдаймын,-дейді ол.

Меңдігүл Даулеталиева Күмісай Тулгабаеваның тағы бір туған кіші сіңлісі – колледжде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет ететінін, жұмыста қысым көрсететінін айтады.

– Салтанат Алтаева жұмыста дауыс көтеріп айғайлайды. Психологиялық қысым көрсетіп, жұмыс істеуіме еш мүмкіндік бермейді,-дейді Меңдігүл Даулеталиева.

Бәйтерек ауданы полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Төребек Маратов бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүріп жатқандықтан артық ақпарат бере алмайтынын айтты.

«Орал апталығы» Күмісай Тулгабаеваның өзіне күн ұзаққа телефон шалған, алайда ешқайсысына жауап бермеді. Кешкісін ғана тұтқаны көтеріп, «Мен ештеңе айтпаймын» деп пікір білдіруден бас тартты.

Бұған қатысты Бәйтерек колледжі директорының уақытша міндетін атқарушы Дархан Қажмұратов пікір білдірді.

– Меңдігүлмен 2010 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатырмын. Ал Күмісаймен 2016 жылдан бастап әріптеспіз. Бұл жерде кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс мен оны білмеймін. Оны құзырлы органдар анықтай жатыр. Алғаш естіген де Күмісайды шақырып алып сұрадым. Ол «Мен мұндаймен айналыспаймын, менің кінәм жоқ» деді. Сосын Меңдігүлмен де сөйлестім. О кісі аудио жазба тағы да басқа фактілерді көрсетті. Аудиода шынымен Күмісайдың даусы. Егер Күмісайдың кінәсі дәлелденіп, сот шешімі шықса, онда ол қызметтен босатылады. Барлығы сот шешіміне байланысты,-деді Дархан Қажмұратов.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с