БҚО-да мектеп асханалары ашылады
Асханалардың толымдылығы 30% — дан аспауы тиіс.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мектептерде тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады.
— Мұндай шешімді тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. Сонымен, аудандық және қалалық білім бөлімдері жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптарда ыстық тамақ ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде. Тек қана, Бөрлі ауданында ашылмайды, өйткені мұнда мектеп асханаларының жұмысы туралы шешім қабылданбады, — деп хабарлады БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде мектеп асханаларының толымдылығы 30% — дан аспауы тиіс.
