БҚО-да шаруа қожалық басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды
БҚО Теректі ауданы «Агрофирма Ақас» ЖШС басшысы Қатауолла Ашығалиев жайылып жүрген жылқыларға оқ отқан деген айыппен тергелу үстінде.

БҚО полиция департаменті бұл оқиғаны растап, қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
— 2020 жылдың 26 желтоқсанында бір шаруа қожалықтың басшысы Теректі ауданы Ақжайық полиция бөліміне арызбен келіп, қожалығынан 10 шақырымдай жерде жайылымда жүрген жылқыларына оқ атты деп шағымданған. Оқтан жарақат алған төрт жылқысының біреуін сойып алуға тура келген. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы, 1-бөлігі (бөтеннің мүлкіне қасақана залал келтіру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды,-деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Орал апталығы» «Агрофирма Ақас» ЖШС-на хабарласқан. Тұтқаны көтерген әйел біресе «бұдан хабарсызбын» десе, біресе, «бұл ақпарат жалған» деді.
Есенжол Елекенов
