Орал әкімдігінде мониторингтік топ мүшелерінің тізімі жарияланды
Заңсыз тексеруге күдік туындаған жағдайда, бизнес иелері тізімді тексере алады. Егер онда тексеруші болмаса, билік полицияға 102 нөмірі бойынша және iKomek байланыс орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласуды ұсынады.

Әкімдік жариялаған тізімде мониторингтік топтардың құрамына кірген және бизнестің қандай да бір объектілерін тексеруге құқығы бар мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 238 есімі бар.






Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҚО әкімі Ғали Есқалиев БҚО-дағы мониторингтік топ мүшелерінің жұмысы мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа күдіктенуге себеп болғанын айтқан болатын. «Мен барлығын жұмыстан шығару туралы мәселе қоямын», — деп, коронавирустың жедел таралуына қарсы әрекеттер жөніндегі жиналыста айтты.
Нана Иксанова

