БҚО-да колледждердің бірінші курс студенттері аралас оқыту форматына көшті
Облыста 5376 оқушысы бар 25 колледжде бірінші семестр жүйелі түрде өтсе, екінші семестрден бастап, барлық колледждердің бірінші курс студенттерін біріктірілген білім беруге көшіру туралы шешім қабылданған.

БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева бірінші курс студенттері колледжде негізгі арнайы пәндерден білім алатынын, ал қосымша сабақтар қашықтан өткізілетінін айтады.
– Бірінші курс студенттерінің негізгі пәндері оқу процесінің 70 пайызын құрайды. Аралас оқыту тек бірінші курс студенттеріне қатысты. Екінші курстан төртінші курсқа дейінгі 10 мың студент қашықтықтан білім алуда, – дейді Айгүл Мыңбаева.
Педагогикалық колледждердің форматына өзгерістер енгізу үшін қазіргі таңда коронавирусқа қарсы күрес жедел штаб отырысында қаралып жатқандығын айтқан ол «барлығы» өңірдігі эпидемиологиялық жағдайға байланысты»,-деді.
Есенжол ЕЛЕКЕНОВ