БҚО-да ІІІ тоқсаннан бастап оқыту штаттық, аралас және қашықтық форматта жүргізілуде
БҚО-да ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9-11(12) сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тарих пәндері мектепте оқытылады.

Облыстық білім басқармасы басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, 111 132 білім алушы контингенті бар 379 мектеп жұмыс істейді. Барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді.
– Мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15, балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті бар 256 мектепте штаттық режимде 25 881 бала (23,3%), 110 мектепте аралас режимде 85 239 бала (76,7%), 1 мектепте қашықтан 12 баламен (0,01%,) оқу ұйымдастырылуда. Икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзіліс сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады. Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды,-деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Айгүл Мыңбаева.
Есенжол ЕЛЕКЕНОВ