Орал тұрғыны пикетке шығып, сайлауды заңсыз деп тануды талап етті

Орал тұрғыны Бекболат Өтебаев 14 қаңтарда қала әкімдігі алдындағы орталық алаңда бір адамдық пикет өткізді. Ол 10 қаңтарда өткен мәжіліс пен мәслихат сайлауын заңсыз деп тануды талап етті.

Алаңға келген Өтебаев «Таңдау құқығы болмаған сайлауды заңсыз деп тануды талап етемін» деген плакат ұстап шықты.

— Бізде ешқандай партия жоқ, бізде тек бір партия – «Нұр Отан» ғана бар. Басқа партиялар жасанды, оппозиция жоқ. 10 қаңтардағы сайлау өтірік болды. Назарбаев тартып алған дауыс беру құқығымызды қайтаруды талап етемін. Қайта сайлау өткізуді талап етеміз, – деді ол.

Пикет кезінде белсенді жанына әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің өкілі келіп, Өтебаевқа шарасы заңсыз екені, акцияға рұқсат алмағанын айтты. Әкімдік өкілі рұқсат етілмеген пикет үшін жауап беруі мүмкін екенін ескертті.

— Қандай заң маған бір адамдық пикет өткізуге тыйым салады, көрсетші? Бұл – менің конституциялық құқығым. Маған пикетке тыйым салатын қағазды әкеліңіз, сол кезде бірден кетемін, – деді белсенді.

Белсендінің шарасы жарты сағатқа созылды. Пикет кезінде алаңда полицияның екі көлігі тұрды.

Тәуелсіз бақылаушылар 10 қаңтарда Қазақстанда өткен сайлауды әділ өтпеді деп атады. Олар дауыс беру кезінде көптеген заң бұзу мен қысым болғанын мәлімдеді. Сайлау күні елдің бірнеше қаласында дауыс беруге бойкот жариялауға шақырған, биліктен реформа талап еткен наразылық шарасы өтті. Құқық қорғаушылардың есебінше, 10 қаңтарда елде 300-дей адам ұсталған.

Еуропа одағының сыртқы істер және саяси қауіпсіздік бойынша өкілі Питер Стано «Қазақстан азаматтарында шынайы таңдау мүмкіндігі болмады» деп мәлімдеді. Ол елде саяси бәсекенің жоқтығын, «2013 жылдан бері елде бірде-бір [жаңа] партия тіркелмегенін» атап өтті.

Қазақстан билігі дауыс беру кезіндегі заң бұзушылықтарды жоққа шығарады. Орталық сайлау комиссиясының есебіне сай, 2012 және 2016 жылдары сайлауда мәжіліске өткен үш партия орнын сақтап қалды. Елді отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктегі «Нұр Отан» партиясы тағы да мәжілістегі басым орынды иеленді – 76 мандат.

Дереккөз: azattyq.org

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с