Алдағы уақытта аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады — Тоқаев

Алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды қадам — ауыл әкімдерін сайлау. Биыл жекелеген ауылдық округтерде сайлау өтеді. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ең төменнен бастап нығайтуды көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады», — деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мұнынмен де шектеліп қалмауымыз керектігін, саяси жүйені орнықтырып, шешімдер қабылдау үдерісіне азаматтардың ықпал етуін күшейте түсу үшін тың серпін қажеттігін баса айтты.

«Бұл бағытта реформалардың екінші бөлігін әзірлеу барысында ауқымды жұмыстар жасалды. Онда барлық партияның, соның ішінде кеше Парламентке өтпей қалған саяси күштердің де ұсыныстары ескерілді және болашақта да назарымызда болады. Ұлттық кеңес мүшелерінің және басқа да беделді сарапшылар мен белсенді азаматтардың идеялары, бастамалары қамтылып отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.99 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с