«Егер коронавирус жағдайы нашарласа, қатаң карантин енгіземіз» — БҚО санитарлық дәрігерінің орынбасары
Оның айтуынша, жағдайлардың саны күн сайын артып келеді. Пациенттердің 40 пайызы Оралда тіркелген.

— Өткен тәулікте облыста коронавирустық инфекциямен 41 науқас тіркелді. Аурушаңдықтың өсуі бойынша Орал, Бәйтерек және Бөрлі аудандары көш бастап тұр. Бөрлі және Бәйтерек аудандарының бас санитарлық дәрігерлері қосымша шектеу шаралары туралы қаулы шығарды. Жәнібек ауданының Борсы ауылында да аурудың өсуіне байланысты шектеу шаралары енгізілді. Жәнібекке кіру және шығу жабық, блокпост орнатылған. Оны тек медициналық себептер бойынша ғана кесіп өтуге болады, — деді Нұрлыбек Мұстаев.
БҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев облыс бойынша коронавирустық инфекциямен ауыратындар күн сайын артып келе жатқанын хабарлады. Жағдай әлі де тұрақсыз.
— Егер жағдай келесі аптада нашарлай берсе, онда облыс орталығында да қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы мәселе қаралатын болады, – деп мәлімдеді Нұрлыбек Мұстаев.
Оның айтуынша, қаңтар айында 6 882 адам мемлекеттік шекарадан өткен, оның ішінде 2 079 адам — жолаушылар, COVID-19 тексерісі туралы анықтамасыз 227 жолаушы өткен. 214 адам екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылды, екеуінде коронавирус анықталды. Екі жақты қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 3 015, анықтамалары бар — 2 020, анықтамасыз — 995 адам. Жүргізушілердің арасында коронавирустық инфекцияға оң талдау жоқ.
Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, жаңа жыл басынан бері облыс бойынша 24 645 ПТР-зерттеу жүргізілді.
– Тәулігіне орта есеппен 3 000-нан 3 500-ге дейін зерттеу жүргізіледі. Зертханалардың қуаты тәулігіне 6000 зерттеуге дейін жетуі мүмкін.
Мария Драчева