БҚО-да үш нысанның шатырын жұлып әкетті
Дауылды жел аймақтағы үш әлеуметтік нысанның төбесін бұзды. Бұл туралы БҚО ТЖД хабарлады.

14 қаңтар күні түстен кейін Қаратөбе ауданындағы 1266 шаршы метр алаңда мектептің шатыры бұзылды. 14 қаңтар күні кешке Қаратөбе ауылындағы аудандық орталық аурухананың 220 шаршы метр алаңы жабынын жұлып кетті. Біраз уақыттан кейін БҚО Қаратөбе ауданы Алакөл кентіндегі 20 шаршы метр аумақта медициналық пункт қазандығының шатыры бұзылды.

– Дауылды ескерту жарияланған кезде халыққа өте сақ болу керек. Мүмкіндігінше үйде болыңыз. Елді мекендерден тыс жерлерге шықпағаныңыз абзал. Қатты жел кезінде конструкциялардың үстіңізге құлауын болдырмау үшін үйлердің қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама қалқандарының жанында, ағаштардың астында жасырынуға болмайды. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 телефонына хабарласыңыз, – деп атап өтті БҚО ТЖД.