Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттайды

Бүгінгі таңда коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекетаралық пойыздар тоқтатылды. Ал ішкі тасымал шектеліп отыр.

«ОА» мұрағатынан

1 наурыздан бастап барлық бағыттағы әлеуметтік маңызы бар облысаралық және қала маңындағы теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7%-ке артады», – делінген ресми хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, республика бойынша 166 бағытта жолаушылар мен қала маңындағы пойыздар жүреді. Олар мемлекет тарапынан судсидияланатын әлеуметтік маңызы бар 106 пойыз.

Соның ішінде 9 мемлекетаралық бағдар бар:

21 бағдар бойынша өзге теміржол әкімшілігінің пойызы;

20 бағдар жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;

9 бағытта «Тальго» вагондарынан тұратын коммерциялық пойыздар. Олар: №29/30 Алматы – Атырау, № 51/52 Алматы – Орал, №69/70 Алматы – Өскемен, №71/72 Алматы – Түркістан, №92/91 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Қызылорда, №95/96 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Орал, №702/701 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Алматы, №712/711 Нұр-Сұлтан (Нұрлы жол) – Шымкент;

10 бағытта кәсіпорындар мен ұйымдар тапсырысы бойынша жүретін пойыз.

Айта кетейік, бүгінде коронавирус пандемиясына байланысты барлық мемлекетаралық пойыздар тоқтатылды. Ал ішкі тасымал шектеліп отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.53 ℃
Днем26.48 ℃
Вечером24.88 ℃
Ночью20.92 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.47 м/с
2026-07-21
Утром18.6 ℃
Днем28.67 ℃
Вечером28.57 ℃
Ночью23.21 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.47 м/с