Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер 2021 жылдан бастап салық органына есеп беруге міндеттелді
Мемлекеттік қызметшілер, олардың жұбайлары мен оларға теңестірілген адамдар 1 қаңтардан бастап активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыруға міндетті. Есептің тізбесіне Қазақстанда және шетелде жылжымайтын мүлік және авто туралы бағандар, сондай-ақ банктік шоттар, ақша, кредиттер, үлестер, акциялар және тағы басқалар енгізілген. 2024 жылдан бастап Қазақстанның барлық халқы декларацияланатын болады.

Ағымдағы жылға дейін мемлекеттік қызметкерлер 230.00 нысан тапсырды, енді есеп 250.00 нысан бойынша жүргізіледі (төменде қараңыз).
Декларация тұрғылықты жері бойынша ұсынылады. Қағаз тасығышта тапсыру мерзімі – ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, ал электрондық түрде — ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.
Егер адам мүлікті немесе кірісті шетелдегі көздерден алған болса, онда ол тұрғылықты жері бойынша 240.00 нысаны бойынша декларация тапсыруы керек. Осы декларацияны тапсыру мерзімі 2021 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей. 2022 жылдан бастап мұндай кірістер 270.00 нысаны бойынша декларацияда көрсетіледі. Егер бұл жағдайда мемлекеттік қызметші 230.00 нысанды жіберсе, ол қабылданбайды.
250.00 формасының үлгісі








Естеріңізге сала кетейік, жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетін болады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларын, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарды және олардың жұбайларын декларациялайтын болады.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған бөлігі.
Нана Иксанова
