БҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты РФ шекарасына дейінгі жол шектелді
Батыс Қазақстан облысындағы Ресей шекарасына дейінгі тас жолдағы қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

«Батыс Қазақстан облысында 17 қаңтар күні сағат 02:05-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінуді шектеу) «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолының барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, 72-104 шақырымындағы учаске-Тасқала ауылы -», — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Telegram-да хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазгидромет елордада және Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 17 қаңтарда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан түнде жел 15-20 м/с күшейеді, Оралда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел түнде екпіні 18 м/с жетеді.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы автожолдардың учаскелері жабылғаны хабарланған болатын.
