Мәскеуде Алексей Навальный 30 тәулікке қамалды, ал Алматыда Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр
Сот ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйды 30 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды, – деп хабарлайды РИА Новости.


«Алексей Навальный 2021 жылдың 15 ақпанына дейін 30 күнге қамауға алынды», – деп жазды оның адвокаты Вадим Кобзев Twitter-дегі парақшасында.
Навальный тергеу изоляторында оның шартты мерзімі нақты мерзімге ауыстырылатынын шешетін отырысты күтеді. Ол 29 қаңтарда Мәскеудің Симоновский сотында өтеді жоспарланған.
Мұның алдында Навальный Германиядан оралғаннан кейін Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұсталғаны хабарланған еді. Ол онда уланғаннан кейін емделген болатын.
Осыдан кейін, қорғаушы тарап мәліметтері бойынша, ол Шереметьевоға жақын үлкен қала Химкидегі полиция бөліміне жеткізілген. FSIN мәліметтері бойынша, ол шартты түрде сотталған ретінде сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін ұсталыпты.
Навальныйдың екі шартты соттылығы бар. Біріншісі, «Кировлес» ісі бойынша 16 миллион рубльден астам шығынмен байланысты; екіншісі, «Ив Рошер» ісі бойынша – 30 миллион рубльден аса ақша жымқырумен байланысты. Ол бұл қудалаудың саяси астары бар деп есептейді және кінәсіз екенін айтады.
Алматыда «Найман» лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Сот талқылауы 18 қаңтарда Алмалы аудандық сотында өтті.
«Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр», – деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Аталған бапта азаматтың «билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру» көзделген. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар «халықты улап жатыр» деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.
Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.