Қазақстандықтардың айына қанша ет жейтіні белгілі болды

Қой етінің бағасы бір жылда 16,2%-ке өссе, жылқы еті 11,9%-ке, ал сиыр еті 8%-ке дейін қымбаттаған.

«ОА» мұрағатынан

Соңғы бір жыл ішінде қазақстандықтар етті көбірек жей бастады. Ал тұтынушылар арасында сиыр етіне сұраныс артқан, деп хабарлайды Energyprom.kz мониторингтік агенттігі.

Агенттік хабарлауынша, өткен жылдың үшінші тоқсанында (шілде, тамыз, қыркүйек) әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 килограмм ет пен ет өнімдерін тұтынған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда бір килограмға көп. Ал 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,4 килограмға артық.

Бір қызығы, өткен жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда ет пен ет өнімдерін тұтыну бойынша сиыр етінен басқаның бәріне сұраныс жоғарылаған. Сондай-ақ, ет өнімдерінің арасында сиыр мен тартылған ет, қой мен жылқы еті кеңінен танымал.

Сарапшылар Қазақстанның барлық аймақтарында ет тұтыну көрсеткіші өскенін алға тартып отыр.

«Ал етті тұтыну бойынша Қарағанды ​​облысы көш басында тұр. Өткен жылдың шілде, тамыз және қыркүйек айында бұл өңірдің әрбір тұрғыны орта есеппен 26,8 килограмм ет пен ет өнімдерін жеген. Содан кейінгі орындарға Ақмола облысы (25,4 келі) мен Алматы қаласы (25,2 келі) жайғасқан», – делінген хабарламада.

Қазақстанда ет тұтынумен қатар, баға да едәуір өсті. Яғни, ет пен ет өнімдерінің барлық түрі үшін бөлшек сауда бағасы артқан. Бір жыл ішінде тек тауық еті ғана 5%-ке төмендеп, бағасы 789 теңге болған.

Қой етінің бағасы бір жыл ішінде 16,2%-ке қымбаттап, бір келісі үшін 1 990,3 теңгеге тең түскен. Жылқы еті 11,9%-ке (келісіне 2 271,8 теңгеге), ал сиыр еті 8%-ке (келісіне 1 947,4 теңгеге) дейін қымбаттаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-9.13 ℃
Вечером-11.4 ℃
Ночью-10.02 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-11.88 ℃
Днем-8.96 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-9.17 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.82 м/с