Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау басталды

(Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) БЖЗҚ-да жинақталған қаражаттың бір бөлігін 700 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алуға немесе кеңейтуге, емдеуге және инвестициялауға жұмсай алады.

«Отбасы банк» (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, ТҚЖБ) зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім қабылдау үшін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформаны іске қосты .

БЖЗҚ қаражатын алуға өтінім беру үшін не қажет

Электрондық-цифрлық қолтаңбаны алу.

Зейнетақы қорының сайтынан қанша ақша алуға болатындығы туралы ақпарат алыңыз (жеткіліктілік шегін біліңіз).

ТҚЖБ24 қосымшасы арқылы «Отбасы банкте» немесе банк сайтында бейнебанкинг арқылы, не болмаса басқа екінші деңгейдегі банктен арнайы шот ашу.

Арнайы шот ашқаннан кейін сіз арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қол жетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару әдістерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электрондық өтініштерді толтыруыңыз керек.

«Отбасы банк» өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтініші қаралғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-мен жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен электрондық хабарлама шеңберінде тіркелген өтініштер туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға жібереді.

БЖЗҚ «Отбасы банкінен» электрондық хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын «Отбасы банкке» аударады, ол оны өтініш берушінің арнайы шотына есепке алады.

Алушы қаражат арнайы шотқа түскеннен кейін ережеде айқындалған мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде «Отбасы банкіне» ұсынады.

Растайтын құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылуға жатады.

Жақын туысына немесе жұбайына / зайыбына берілген жағдайда біржолғы зейнетақы төлемдері растайтын құжаттар ұсынылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің арнайы шотынан алушының арнайы шотына аударылады.

«Отбасы банк» алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсаты бойынша құжаттарды олар берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тексереді және олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

БЖЗҚ қаражатын өтініш берушінің басқа да борыштық міндеттемелерінің шеңберінде есептен шығаруға болмайды.

Зейнетақының бір бөлігін неге жұмсауға болады

Бір жолғы зейнетақы төлемдерін өз бетінше пайдалануға болады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы бұл төлемдерді өзі пайдалануды жоспарламаса, ол төлемді өзінің жақын туысына және/немесе жұбайына/зайыбына бере алады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес осы төлемдерді мақсаттарға пайдалануға жол беріледі:

ипотекалық қарыз бойынша, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберіндегі берешекті өтеу (ішінара немесе толық);

бастапқы нарықта да, қайталама нарықта да, сондай-ақ мемлекеттің кепілдігі бар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу арқылы салынып жатқан үйде де ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) ;

Отбасы банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызын алу»;

пәтерді, жеке тұрғын үйді, жатақханадан бөлмені сатып алуға ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны енгізу;

тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу;

жеке тұрғын үй салу (жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда);

«Отбасы банктегі» ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру.

Қанша қазақстандық арнайы шоттар ашты

БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап онлайн режимінде «Отбасы банк»АҚ-да арнайы ағымдағы шоттар ашады. Қазірдің өзінде 60 мыңға жуық арнайы шот ашылды.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі » АҚ – елдегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассаларының Федерациясы (ЕФССК) және халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру Одағынан тұрады. «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі»АҚ болып табылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с