БҚО-да бір тәулік ішінде 74 COVID-19 оқиғасы анықталды
Пандемия басталғаннан бері облыста 10 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.

ҚР-да коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, өткен тәулікте, 22 қаңтарда, елімізде COVID-19 ауруының 1 548 жаңа жағдайы тіркелді, оның 74-і БҚО-да анықталды.
Елімізде барлығы 175 390 жағдай расталды, оның 10220-сы БҚО-да.
– 23 қаңтарда КВИ-дан 25 983 адам ем алуда. Ауыр халдегі КВИ науқастарының ішінен – 302 пациент, аса ауыр халдегі-49 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 39 пациент, – деп түсіндірді ҚР ВАК-да.
Сондай-ақ, ҚР ВАК мәліметтері бойынша, 21 қаңтарда covid-19 белгілері бар пневмонияның 100 жағдайы тіркелді, бір жағдай өліммен аяқталды. 74 адам сауығып кетті.
– 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 47311 жағдай тіркелді, өліммен аяқталған жағдайлар – 550, барлығы 35 055 адам сауығып кетті, – деп атап өтті ҚР ВАК.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтарда БҚО бас мемлекеттік дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың жаңа қаулысы шықты, оған сәйкес облыста карантин күшейтіліп, демалыс күндері шектеу енгізіледі. Сонымен қатар, 21 қаңтарда БҚО covid-19 науқастарының өсу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа кірді.