Батыс Қазақстанда бір аптада 458 адамнан коронавирус анықталды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соңғы тәулікте 89 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

Өңірде осы кезге дейін 10393 адам сырқаттанса, соның 8803-і жазылып шықты. 183 адам көз жұмды.

Пневмонияға шалдыққан 254 адам стационарлық, 53-і амбулаторлық ем қабылдады. Бұл дерттен 264 адам өмірден озды.

Қазіргі кезде инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 4, оттегі концентраторына 17, орталықтандырылған оттегі көзіне 59 адам қосылған.

Жұқпалы аурулар стационарларында 285 адам емделуде. Карантиндік стационарда 32, жансақтау бөлімінде 19 адам жатыр.

Қаңтарда коронавирус жұқтырған балалар саны 89-ға жетті.

Қарашығанақ кенішіндегі «ҚПО б.в.» компаниясында жұмыс істейтіндер арасынан осы айда 22 адамнан індет табылды. Ал Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-да 11 адам ауырған.

Облыста 13 зертхана бар. Соңғы тәулікте 1931 зерттеу жүргізілді.

Тәулік бойы үш ауысымда жұмыс істеп жатқан CALL орталығына соңғы аптада (18-24 қаңтар) 2935 қоңырау шалынса, соның 290-ы коронавирусқа қатысты болды. Соңғы тәулікте 100 қоңырау (25-і індетке байланысты) қабылданды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-20
Утром14.75 ℃
Днем26.13 ℃
Вечером20.37 ℃
Ночью16.71 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра6.5 м/с
2025-04-21
Утром13.66 ℃
Днем24.35 ℃
Вечером24.28 ℃
Ночью18.1 ℃
Влажность19 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.43 м/с