БҚО-да мал ұрлау бойынша Қазақстандағы ең ірі қылмыстық іс сотқа жіберілді (ВИДЕО)

Мал ұрлады деп ағайынды Ешовтар күдікті ретінде қамалды. Шағымданушылардың айтуынша, олар екі жыл ішінде мыңға жуық жылқы ұрлаған. Жарты жылға созылған тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберілді, бірақ ауыл тұрғындары тергеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтады.

Ақжайық аудандық соты

26 қаңтар күні Ақжайық аудандық сотында мал ұрлау ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды. Күдікті деп бес адам танылды. Олардың төртеуі ағайынды Ешовтар.

— Полицейлер қылмыстық істі мал ұрлау фактісі бойынша тергеді. Сотталушылар ағайынды Ешовтар. Олар ұзақ уақыт бойы жылқы, сиыр және қой ұрлап келген. Біз жоғалған сиыр мен қойларды санамадық, тек жылқылардың жоғалу фактісі бойынша шағым түсірдік. Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары ұзақ уақытқа созылды, бірақ осы күнге де жеттік және де біз әділетті шешімді талап етеміз. Өйткені полицейлер тергеу ісіне қажетті маңызды деген жерлерді жіберіп алды, әртүрлі сылтаулармен тергеуді созып, қандай да бір сараптамалар жүргізді. Біз олардың асыққандарын қалаймыз, өйткені алды қыс келе жатыр малға арнайы күтім, жем керек болады, -дейді «Назарымбет» шаруа қожалығының басшысы Аманжол Зинуллин.

Аманжол Зинуллин

Жәбірленушінің айтуынша, тергеу барысында 618 ірі қара мал «қамалған», қазір оның тек 150-і қалған. Қалған жылқыларды ағайынды Ешовтарға қайтарып берді, олар болса оны сатып жіберген, онымен қоса Шымкент, Қызылорда, Атырау және Ақтөбеге жіберген.

— Біз қамауға алынған мүлік тек сот үкімі арқылы босата алатынына сенімді болған едік. Олар неге біздің ойымызды білмеді? Жоғалған малдың саны 150-ден әлде қайда көп қой. Тергеу ісі кезінде коррупциялық құқық бұзушылықтар орын алды деген күдігіміз бар. Тергеушілерді жиі ауыстырды, көпшілігін жұмыстарынан босатты. Іс 68 эпизод бойынша тергелді, бірақ сотқа тек 48 эпизод жіберілді. Неліктен оны қысқартты? Мүмкін жәбірленушілерге қысым көрсетілген шығар, сол себепті олар өздерінің шағымдарын алып кетуге мәжбүр болды. Мүмкін оралды көндірген шығар, мүмкін қорқытқан немесе келтірілген шығынды өтеген шығар. Біз тек жорамалдай аламыз. Неліктен қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды жауапкершілікке тартпайды? Олардың саны көп қой. Өйткені бас адам соншама жылқыны ұрлап, үлкен көлемде мал сойып, етті облыстан тыс жерлерге кедергісіз алып кете алмады. Менің бір өзімде 85 бас жылқы ұрланды, ал сотқа тек 24-і жіберілді. Жалпы келтірілген шығынды сегіз миллионға бағалаймын. Олардың қолдарында полицейлерден, ветеринар мамандарынан және де әкімдіктен анықтамалары болған. Кім оларға ол анықтамаларды берді? Біз бұл істе жоғарыда отырған адамдардың қатысы бар, ал Ешовтар тек атқарушылар деген күдігіміз бар, — деді Аманжол Зинуллин.

Жәбірленушілер істің сотқа ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде жіберілмегеніне наразы, өйткені айыпталушылар алдын ала дайындалған, бір-біріне істің мән-жайын хабарлай отырып, бір-бірін жасырып әрекет жасаған. Осы бес адамды ұстағаннан соң ауылда мал ұрлығы тоқтаған дейді шаруа қожалық иелері.

— 2018-2019 жылдары менің 41 бас жылқым және 6 бас ірі қара малым ұрланды. Мал ұстау оңай емес, көп күш қажет етеді. Ешовтарды ұстағаннан кейін, ауылда бірде-бір мал ұрланған жоқ. Біз әділ сотты талап етеміз, — дейді «Мерхат» шаруа қожалығының басшысы Кемел Оралов.

Кемел Оралов

Кәсіпкер Сергей Шұнайбеков Ақжайық ауданында өзінің шаруа қожалығын дамыту үшін арнайы Бәйтерек ауданын келген.

Министрліктен «Отгонные пастбищие» бағдарламасы болды. Біз мал бағуға жақсы жер таңдадық, қомақты қаржы құйдық, ол жерде қыстақ және саяжай салдық. Бірақ біздің бұл бағдарламадан көңіліміз қалып отыр, өйткені мал жоғала береді. Менің асыл тұқымды малдарым іс-түссіз жоғалып кетті. Ол жануарлар жартылай жабайы, оралды үш адам оңайлықпен ұрлай алмайды. Ол үшін арнайы техникамен жабдықталған, дайындалған адамдардың тобы қажет. Неліктен оларға ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде айып тақпайды? Ұры түрмеде отыруы керек! Біз, шаруалар тек қана өзімізге сенбестен басқа алам қалмай отыр, өйткені әр біріміздің мойнымызда банктың алдына жауапкершілік тұр, несиені төлеу керекпіз. Ал олар болса біздің маңдай терімізбен тапқан еңбегімізді, біреулер келеді де оңайлықпен алып кетіп байып шығады. Былай болмайды! Маған келтірілген шығыңды бес миллионға бағалаймын, — деп наразылығын білдірді Сергей Шұнайбеков.

Сергей Шұнайбеков

Берикболат Ешов және Болат Ешов ҚР ҚК 188-бабы (Аса ірі көлемдегі ұрлық) және ҚР ҚК 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталуда. Болатбек Ешовте аса ірі мөлшерде ұрлық жасады, қару сақтады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша айыпталуда. Баубек Ешов пен Нұрхат Елеусізов аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталуда.

26 қаңтар күніне белгіленген сот отырысы техникалық ақаулықтарға байланысты кейінге қалдырылды. Осы іс бойынша сот отырысы 1-ші ақпан күні сотталушылардың жеке қатысуымен Ақжайық аудандық сотында сағат 14:30 өтеді.

Естеріңізге саламыз, өткен жылдың мамыр айында ауыл тұрғындары ірі қара малдарының жоғалу жағдайлары жиіленіп кеткенін хабарлаған болатын. Малдардың жоғалуы Сырым, Ақжайық және Қаратөбе аудандарында орын алған. Жоғалған малдардың ішінде жылқыдан бөлек, сиырлар мен қойларда болған. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, жоғалған малдардың саны мыңнан асады. Сол кезде полиция департаменті тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-10
Утром-5.84 ℃
Днем-4.29 ℃
Вечером-5.08 ℃
Ночью-8.01 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.21 м/с
2025-12-11
Утром-7.24 ℃
Днем-4.19 ℃
Вечером-4.9 ℃
Ночью-5.5 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.8 м/с