Орал қаласы 2021-2025 жылдары қалай дамиды
Қалада алдағы бес жылда көп пәтерлі тұрын үйлер салу, автомобиль жолдарын қайта жөндеу, жаңадан мектептер мен емханалар,сондай-ақ қонақ үйлер, сауда орталықтары мен базар салу көзделген.

Бүгін, 29 қаңтар күні қалалық мәслихаттының 7 шақырылымы, 2-ші кезектес тыс сессиясында Орал қаласының 2021-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы айқындалды. Бағдарлама қаланың экономикалық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағыттарын дамытудан тұрады.
2021-2025 жылдары қаланың экономикалық өсуін жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқының ұлғаюын, өнеркәсібінің өсуін қамтамасыз ету көзделген.
Осыған байланысты қалада 18 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 1,1 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру, сонымен қатар, қызмет көрсету саласында 2025 жылы 2 қонақ үй кешенін 2021-2025 жылдары жалпы ауданы 11,0 мың шаршы метр 2 сауда орталықтарын салу, жалпы ауданы 3,5 мың шаршы метр «Ашық жол» жабық базарын салу жоспарланған.
Бағдарламаның екінші бағыты бұл қаланың инфрақұрылымын, тұрғын ұй құрылысын дамыту, сапалы ауыз сумен қамту, жергілікті жолдардың жағдайын жақсартуды көздейді.
Сәйкесінше, 2021-2025 жылдары, жыл сайын 400 мың шаршы метрден астам 40 көп пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Апатты және ескі үйлердің орнына тұрғын үй салынады.
41 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі және көп пәтерлі тұрғын үйлердің 28 жеделсатысы ауыстырылады.
Сонымен қатар, қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының 89 шақырымын қайта жөндеу бойынша 42 жобаны іске асыру көзделген.
Үшіні бағыт бұл әлеуметтік сала. Бұл бағытта халықты жұмыспен қамту, олардың денсаулығын жақсарту, білім берудің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз етуді, спортты, мәдениетті дамытуды көздейді.
2025 жылға қарай 20 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
2021-2022 жылдары – 900 орындық №53 мектеп, 300 орындық №33 мектеп, 400 орындық №31 мектеп, 300 орындық №18 мектеп салынады.
2022-2023 жылдары – 900 орындық №52 мектеп салу жоспарда.
2024-2025 жылдары – 300 орындық №8 мектеп, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде 900 орындық мектеп, «Ақжайық» шағын ауданында 900 орындық мектеп құрылысы салу жоспарда.
Зашаған, Деркөл кенттерінде 500 және Серебряково ауылында 35 келушіге арналаған 3 емхана салу көзделген. Әлеуметтік сала бағыты тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, оларды спортпен жаппай айналысуға тартуға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты 2 спорт залының және Зашаған кентінде бассейннің құрылысы жоспарлануда.
