Оралда мемлекеттік қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасауға жібермей тұр
Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус ауруының 104 жаңа жағдайы анықталды. Өңір көптен бері «қызыл аймақта».

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар санитарлық дәрігердің қаулысын өздері бұзады, ол бойынша қызметкерлердің 80% қашықтықтан жұмыс істеуге кетуі тиіс.
Мысалы, статистика басқармасында 70 қызметкердің тек жартысы ғана «қашықтан жұмыс жасауға» кетті, ал әлеуметтік қорғау басқармасында барлық 34 қызметкер жұмыс орындарында отыр. Енді бұл мәселені мониторингтік топтар бақылауға алады.
Нұрлыбек Мұстаев, БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
— Эпидемиологиялық анамнез барысында коронавирустық инфекцияның әрбір жағдайы бойынша көптеген қызметкерлердің жұмыс орындарында, яғни науқастанғандары анықталады. Осыған байланысты бүгінгі таңда жедел штаб мониторинг топтарына жұмысты күшейтуді тапсырды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтамау фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жауапкершілікке тарту туралы мәселе де шешілетін болады.
