БҚО-да 5 көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. Бір адам қаза тапты

Апат бүгін сағат 11 шамасында республикалық тас жолда орын алды. Chevrolet Aveo жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, 4 автокөлікті іліп кетті. Жол апаты салдарынан Lada granta жолаушысы қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

ЖКО орнынан түсірілген сурет.Фотоны БҚО ПД баспасөз қызметі ұсынды

«Бүгін сағат 10.39-да БҚО ПД кезекші бөліміне Ақжайық ауданының Алғабас елді мекеніндегі Республикалық маңызы бар тас жолда Lada granta, Volkswagen Passat,Toyota Camry, ВАЗ -2114, Chevrolet Aveo маркалы 5 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алғаны» туралы хабарлама келіп түсті.

Жол апаты салдарынан Lada granta автокөлігінің жолаушысы қаза тапты, бұдан басқа екі зардап шегуші бар», — деп хабарлады БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Кейін ол жол-көлік оқиғасы Chevrolet-тің қарсы жолаққа шығып кетуінен болғанын атап өтті.

ЖКО орнынан түсірілген фото

«Шевролет Авео «қарсы бағытқа» шығып, «Лада Гранта» көлігімен және басқа да автокөліктермен соқтығысты, нәтижесінде 1962 жылы туған Лада Гранта жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 3 адам түрлі жарақатпен Ақжайық ауданының ОАА жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 — бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп толықтырды Болатбек Белгібеков.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-19
Утром18.23 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером27.03 ℃
Ночью19.56 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.72 м/с
2025-07-20
Утром16.25 ℃
Днем28.62 ℃
Вечером31.92 ℃
Ночью23.23 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра4.23 м/с