Оралда қандай жолдар жөнделеді
Алдағы бес жылда 89 шақырым автожолды қайта жөндеу және күрделі жөндеу жоспарлануда.

Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенованың айтуынша, 2021-2025 жылдары қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін арттыру жоспарлануда.
– Бұған жолдарды қайта құру бойынша 20 жобаны және ұзындығы 89 километрді құрайтын қалалық автожолдарды күрделі жөндеу бойынша 42 жобаны іске асыру есебінен қол жеткізілетін болады, – деп хабарлады Альмира Төлегенова.
2021 жылы ұзындығы 29,3 шақырым болатын 17 көшені жөндеу жоспарлануда. Бұл Телеграфная көшесіндегі автомобиль жолын, №2 қалалық сотқа кіреберіс жолын қайта жаңарту, Сейітов, Жанқадамов, Мұсағалиев, Дауылбаев, Өзтүрік, Жерұйық, Ерасыл, Меловые горки кентінен Ветелки кентіне дейінгі жол, Бөкейханов, 25-Чапаев дивизиясы, Саратовская, Шолохов, Комсомольская көшелері бойынша жолдарды күрделі жөндеу;
2022 жылы ұзындығы 19,1 шақырымды құрайтын 13 көшенің жолдары жөндеуге жатады. Олар Соколиная, Алматинская, Савичев көшелеріндегі жолдарды қайта жаңарту, Мұхит, Х.Чурин, 8 наурыз, Тайманов, Әбілқайыр хан, Комсомольская, Партизанская, Скоробогатов, Есқалиев және Телеграф көшелеріндегі жолдарды күрделі жөндеу.
2023 жылы-ұзындығы 12,3 шақырым болатын 8 көше. Олар Ақтөбе, Западная, Комсомольская көшелеріндегі жолдарды қайта жаңарту, Пойменная, Громовая, Беляев, Шаған, Баян сұлу көшелеріндегі жолдарды күрделі жөндеу;
Ұзындығы 18,3 шақырым болатын 12 көшені 2024 жылы жөндеу жоспарланған. Школьная, Молдавская, Мусин, Семей, Тоқай көшелері бойынша жолдарды қайта жаңарту, сондай-ақ Орал өзені арқылы өтетін сол жақ Жайылмадағы көпірді қайта жаңарту, Покатилов, Дәулеткерей, Фрунзе, Петровский, Ет комбинаты және Датов көшелері бойынша автомобиль жолын күрделі жөндеу жүргізілетін болады.
2025 жылы ұзындығы 11 шақырым болатын 10 көшенің жолдары жөнделеді. Бұл Ақбұлақ, Қаракөл, Морозов, Колхозная, Маңғышлақ, Литейная көшелері бойынша жолдарды қайта жаңарту, сондай-ақ Егізбаев, Жезқазған, Яикская, Комсомольская және Жароков көшелері бойынша күрделі жөндеу.