«Мылтық атып әйелімді қорқытты»: Ешовтарда жұмыс істеген көмекші өз шыңдығын айтып берді (БЕЙНЕ)

БҚО-да мал ұрлады деген айып тағылған ағайынды Ешовтардың қарауында тоғыз жыл жұмыс істеген Әділет Мәдениетов, Ешовтардың қалай жылқы ұрлағандары туралы айтып берді. Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа жіберілді, сот 1-ші ақпан күні Айжайық аудандық сотында өтеді.

Әділет Мәдениетов

1992 жылы дүниеге келген Әділет Мәдениетов 2011 жылдан бастап ағайынды Ешовтарда жұмыс істеген. Басында екі жыл көмекші болған ол, қалған тоғыз жыл, яғни 2020 жылдың сәуір айына дейін ағайынды Ешовтарда тұрақты негізде жылқышы болып жұмыс істеп келген.

— Ешовтрада жылқышы болып жұмыс істей бастағанда оларда 100-ге жуық жылқы болған. 2020 жылда оларда 618 бас жылқы болды. Ешовтарда жылда жылқы сатылады, бірақ өздерінің емес. Мысалы, маған 500 бас жылқы санап береді де: «Далаға алып кет» дейді, бірақ жазда үйінде күнде жылқы сойылады. Олар ұрланған жылқылар, -дейді Әділет Мәдениетов.

Оның сөзінше, ағайынды Ешовтар өздерінен жылқы алмайды, керісінше үстіне әкеліп қоса береді.

— Олардың малы жүре береді, бірақ «ешкімге айтпа» дейді де үндемей үстіне тағыда мал әкеліп қоса береді. Мысалы, өзінікі 500 бас жылқы болса, біреуден 20 бас жылқы ұрлап, оның 4-5 басың алып қалады да, қалғаның қосып жібереді. Бірақ мен сұрасам, олар: «Сен алдындағы жылқыға ие бол» дейді де айтпайды. Бағып жатқан малдың үстіне қанша мал қосса да сенің айлағын өспейді, тек қана 50 мың теңге, — дейді ол.

Мал ұрлығы бойынша күдікті деп бес адам танылды. Солардың төртеуі ағайынды Ешовтар болса, бесіншісі Нұрхат Елеусізов. Әділет Мәдениетовпен әңгіме барысында Елеусізов пен Ешовтар 45 бас жылқыны ұрлағанын өз көзімен көргенін айтты.

— Ешов Болатбек Сайқұдық ауылынан 45 жылқыны қуып кеткенін өз көзіммен көрдім. Ол жылқыларды мотоциклмен қуып, үйіне апарып қамады. Ұстайтының алып қалды да, қалғанын сойып-сойып сатып жіберді. Оған оның сыбайласы Нұрхат Елеусізов көмектесті, — дейді Әділет Мәдениетов.

Әділет Мәдениетовтың айтуынша 2015 жылға дейін Ешовтрада ешқандай соққысыз, жақсы жұмыс істеп келген. Бірақ 2015-тен кейін бәрі өзгерген. Ешовтрадың мал ұрлайтынын білгеннен кейін олардан таяқ жей бастаған. Үнемі қорқынышта өмір сүріп келген Әділет, Ешовтрадың алдында есеп беруге мәжбүр болған. Оны ешқайда жібермеген, телефонын тексеріп, кіммен сөйлескенін, кім келіп, кім кеткенін айтып отыруға мәжбүр болған. Мылтықпен де қорқытқан кездер болды дейді.

— Мен әдетте таңмен жылқыға кетемін. Түстен кейін келсем әйелім жылап отыр екен. Мен «Не болды?» деп сұрап едім, әйелім: «Болат маған мылтық атты» деді. Түскі уақытта Болат Ешов ақ нивамен қырға келген. Жолдасым ол кезде үйде тамақ пісіріп жүреді. Болат үйге кіріп: «Осы үйде шайтан бар» деп мылтығымен үй қабырғасына атпак болған. Оны естіген әйелім: «Болат аға мен сыртқа шығайыншы» деп сұраған, ол болса: «Жоқ, сен қарап тұр, мен қазір атамын» деп оны шығармаған. Әйелімнің жаңынан мылтық атып, оқ үйдің қабырғасын тесіп шығады. Жолдасым сол кезде бақырып жылап жерге отырып қалды. Содан кейін Болат далаға шығып: «Мен мына жерде ешкімді тұрғызбаймын», «Біреу бірдеме десе атып өлтіремін» деген әңгімелер айтқан. Оны маған әйелім айтып берді, мен өзім көрмедім, — дейді ол.

Әділет Мәдениетов бұған ұқсас жағдай жиі болғаның айтты.

— Ешовтрадың мал ұрлайтының біле бастағаннан кейін, басында бір екі рет сұрап көрмекші болған, бірақ таяқ жеген. Олар: «Сен араласпа, алдындағы жылқыңды біл» дейтін. Содан кейін, шатаспасам 2017 немесе 2018 жылы отырғызып қойды да, мылтық ұстап: «Енді бірдеме десең, атып тастаймын» деді. Олардың мал ұрлайтының білемін ғой шет-жағасын, сонда Болат пен Болатбек: «Біреуге артық әңгіме айтып, біздер бір нәрсе еститін болсақ, менен аяушылық күтпе. Аяғыңа тас байлап суға апарып лақтырып жіберемін» деп қорқытатын, — деп еске түсірді Әділет Мәдениетов.

Айта кетейік, БҚО-да мал ұрлау бойынша Қазақстандағы ең ірі қылмыстық іс сотқа жіберілді. Күдіктілер ретінде ағайынды Ешовтар қамауға алынды. Шағымданушылардың айтуынша, олар екі жыл ішінде мыңға жуық жылқы ұрлаған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-1.17 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-8.73 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.17 м/с
2026-03-08
Утром-6.95 ℃
Днем-2.35 ℃
Вечером-7.65 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.71 м/с