Мал ұрлығы бойынша сот: сотталушылар кінәсін мойындамайды (БЕЙНЕ)
Ақжайық аудандық сотында мал ұрлығы бойынша зардап шеккендерден жауап алу басталды. Сот 40-тан астам жәбірленушіні тыңдайды. Сотталушыларды ірі мөлшерде мал ұрлады, бөтеннің мүлкін өртеп жіберді және қаруды заңсыз сақтады деп айыптайды.
1 ақпанда Чапаев ауылында мал ұрлау ісі бойынша соттың екінші отырысы өтті. Сотталушылар орындығында бес адам бар, олардың төртеуі ағайынды Ешовтар. Сот мемлекеттік айыптаушының айыптау сөзінен басталды. Осылайша: Берікболат Ешов және Болат Ешов ҚР ҚК 188 «Аса ірі көлемдегі ұрлық» және ҚР ҚК 287 «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталуда. Болатбек Ешовте аса ірі мөлшерде ұрлық жасады, қару сақтады, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша айыпталуда. Баубек Ешов аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталуда. Нұрхат Елеусізов аса ірі көлемде ұрлық жасады және ҚР ҚК-нің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша айыпталуда.
Мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін сот айыпталушылардан өздеріне тағылған айып бойынша өз кінәсін мойындай ма деп сұрады. Барлық сотталушылар өздерінің кінәсін толық мойындамайтындықтарын мәлімдеді.
Сотта төрт жәбірленушіден ғана жауап ала алып үлгерді. Қалғандарынан 4 ақпанға жоспарланған үшінші сот отырысында жауап алынады.
Естеріңізге саламыз, БҚО-да мал ұрлау бойынша Қазақстандағы ең ірі қылмыстық іс сотқа жіберілген болатын. Мал ұрлады деп ағайынды Ешовтар күдікті ретінде қамалды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, сотталушылар екі жыл ішінде мыңға жуық жылқы ұрлаған. Жарты жылға созылған тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберілді, бірақ шағымданушылар тергеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтады.
Серік ЕСЕНОВ
Тақырып бойынша оқыңыз:
«Мылтық атып әйелімді қорқытты»: Ешовтарда жұмыс істеген көмекші өз шыңдығын айтып берді