13 тәуелсіз медиа ұйым журналист Лұқпан Ахмедияровты «қудалауды дереу тоқтатуды» талап етті

Қазақстандағы 13 тәуелсіз медиа ұйым «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровты «қудалауды дереу тоқтатуды» талап етіп, мәлімдеме жасады.

ДАНИЯР МУСИРОВТІҢ СУРЕТІ

«Қаңтардың соңында прокуратура «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабымен «Сотқа дейінгі деректерді не жабық сот отырысы материалдарын жариялады» деп айыптап, жауапқа тартуды талап етіп жатқаны анықталды. Бұған Оралда жер телімдерінің заңсыз бөлінуі туралы материал себеп болған, іске прокураура қызметкерінің қатысы бар» делінген мәлімдемеде.

«Лұқпан Ахмедияровты қудалаудың саяси астары бар екеніне сенімдіміз, Батыс Қазақстанның құқық қорғау құрылымдары журналистің үнін өшіруге тырысып жатыр. Ахмедияров өз жұмысын істеді: журналистік зерттеу жүргізіп, оның нәтижесін жариялады. Оның үстіне, мақалада жемқорлық фактілері туралы айтылады, елдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің сөзіне сенсек, Қазақстан дәл осы жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізіп келе жатыр» деп жазады мәлімдеме авторлары.

Олар Ахмедияров басқаратын «Уральская газетаны» «Қазақстандағы азғантай тәуелсіз басылымның бірі» деп атайды, және оның жиі қудалауға ұшырайтынына назар аударады. «Біз мұны Қазақстанның барлық тәуелсіз ақпарат құралдарына шабуыл деп қарастырамыз және журналистерге қысымды дереу тоқтатуды талап етеміз» делінген мәлімдемеде.

«Құқық қорғау органдары БАҚ-тың жұмысына араласпауы керек, журналистердің жұмыс істеуге, яғни зерттеу жүргізіп, жемқорлық фактілерін әшкерелеп, шенеуніктердің әрекетіне күмән келтіруге мүмкіндігі болуы тиіс» деп жазады журналистік ұйым өкілдері.

Гульжан Ергалиеваның Фейсбук парақшасынан

Мәлімдемеге «Vласть» интернет-журналы, masa.media, «The Village Қазақстан», Factcheck.kz, ProTenge, «За нами уже выехали», The Qazaq Times, Orda.kz, «Интонация», mgorod.kz, Adamdar/CA редакциялары және «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау ұйымы қол қойған.

Осыған дейін бірнеше рет тергеуге барған журналисті 3 ақпанда Орал – Атырау автожолында полиция ұстады. Бір топ журналист 4 ақпанда бостандыққа шығады делінген белсенді Макс Боқаевты қарсы алу үшін Атырауға жолға шыққан. Полицейлер Ахмедияровты Оралға қайтарған, тағы бірнеше белсендіге шақырту қағазын тапсырған. Лұқпан Ахмедияров Facebook желісінде полицейлердің өзін ұстаған сәтінен видео жариялады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

fourteen − 10 =

x
2023-10-03
Утром14.07 ℃
Днем20.98 ℃
Вечером15.83 ℃
Ночью15.01 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра3.68 м/с
2023-10-04
Утром13.45 ℃
Днем20.99 ℃
Вечером18.95 ℃
Ночью15.53 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра4.4 м/с