БҚО-да» Нұрлы жер » бағдарламасы бойынша 540 миллион теңге ұрланды
БҚО-да «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 540 миллион теңге ұрланған, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Хабарланғандай, ұрланған 540 миллион теңге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Оралдағы тұрғын үй ауданының электрмен жабдықтау» объектісінің құрылысына бөлінген.
«Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», – делінген хабарламада.