Бостандықтағы Макс және ашу тудырған жол – «ОА» репортажы

Қазақстанның бас диссиденті Макс Боқаевты Атыраудағы колониядан босатты. Азаттық фактісі елдің саяси өмірі үшін маңызды оқиға болды. Біздің редакциямыздың түсірілім тобы көрші Атырауға қалай аттанғанын және билік журналистерді ол жаққа жібермеу үшін не жасағанын айтып береміз.

Орал-Переметное-Үлкен Шаған

0-75 км

Көлік бізге таңертең 7 шамасында келді, Атырауға барар жолдың келесі 5 сағатын біздің үш адамнан тұратын түсірілім тобымыз сұр түсті «Ларгус» салонында өткізетін боламыз. Топта мен, «Орал апталығының» редакторы Лұқпан Ахмедьяров және бейнеоператор Исатай Ермеков. Кешегі қаладан шығу сәтсіз әрекетінен кейін , бірлесіп, кешедегідей айналып өтуге және Переметное кенті ауданындағы Саратов тас жолынан басталатын жаңа, бірақ аз белгілі жолмен Орал – Атырау трассасына баруға шешім қабылдаймыз.

– Екінші әрекет! -деп, жүргізуші Антон әзілдейді. Осы сөздерден кейін біз кешегі кешті, қаладан шыққан «кептелісті», полициямен жанжалды еске аламыз. 2 ақпанда БҚО полициясы жолды жауып тастады, мұндай әрекеттердің түсіндірмесі – қатты тұман. Тұман шынымен қалың, ал қозғалыс қауіпті болды. Шамамен бір сағаттан кейін Орал – Атырау трассасына шықтық, жүргізуші жолға оралды, біздің көңіліміз жайланғандай, дәл осы учаскеде кеше полиция бізді тоқтатты. Бүгін қараңғыда қызыл-көк шамдар көрінбейді, сол үшін рахмет.

Үлкен Шаған-Көшім

81,8 км

«Біз қазір Көшімге жетсек те, келесі пост сонда», – дейді Лұқпан. – Таңертеңгі тұманды ымыртта тас жолда Оралдан келе жатқан бірде-бір көлік көрінбейді. Жолда көлік қарасы аз, негізінен Оралға Атыраудан келе жатқан жүк көліктері. Біз осы сағатта қаладан шыққан жалғыз көлікпіз.

Жарықталып келеді, көріну жақсарды, жол бойындағы орман белдеуінің әртүрлі теректері ерекшеленеді. Алда патрульдік машинаның оттары көрінеді, инспектор кеудешесінің ашық жасыл түсі таңертеңгі сұр түстерден ерекше көзге түседі. Инспектор бізге қолымен белгі беріп, көлікті тоқтатты.

— Не болды? – деп сұрайды жүргізуші.

– Осы жерде тұрыңыз, – дейді инспектор жол жиегіне нұсқап. – Кеше қалың тұманнан жол жабылды, өткізуге рұқсат келмеді, күте тұрыңыз, тұман сейілгесін өткіземіз.

Екінші полиция қызметкері тағы екі көлікті тоқтатты, олар біздің қасымызда тұрды, жүргізушілер шығып, темекі шеге бастады. Осылайша бір сағат өтті, жолдың бір бөлігінде көліктер көп жинала бастады. Алдыңғы жағында тұрған ақ «Нивадан» екі әйел түсті, қолдарындағы сөмкелерімен олар жол бойындағы балшықпен абайлап жүріп кетті. Олардың фигуралары көпке дейін көрініп тұрды, тұман айтарлықтай таралады.

Тағы үш патрульдік көлік келді, полиция қызметкерлерінің арасында өзін таныстырудан бас тартқан майор дәрежесіндегі адам ерекшеленеді.

— Шыныңызды айтыңызшы, осының бәрі бізге байланысты ма -деп, Лұқпан сұрақ қойды. – Егер біз үшін болса, онда барлық осы адамдарды жіберіңіз де, нақты бізбен айналысыңыз.

– Жоқ, жоқ, о не дегеніңіз, жол тұман ғой, – деп жауап берді майор және жымиып күлді.

Көшім бекетінде тұрудың екінші сағаты өтуде, кептелісте он шақты машина, соның ішінде жүк көлігі мен бензин тасушы бар, бәрінің жүйкесі сыр беруде — полицейлердің қимылына наразылық жүргізушілердің сөздерінен сезіледі, көбісі полицейлермен ашық пікірталасқа түседі. Оралда да полиция жол жүруді шектеген.

Редакциялық чаттан ТЖД барлық бағыттар бойынша трассаларды ресми түрде ашқанын білеміз. Полиция бұған ешқандай жауап бермейді.

– ТЖД барлық жолдарды ашты, неге барлығын осында ұстап тұрсыз? – деп, инспекторлардан сұраймыз.

—Өткізуге бұйрық болмады, – деген жауап аламыз. – Жоғарыдан бұйрық келісімен жібереміз.

Жағдай ушығуда, шамамен жиырма шақты машина жиналды, кейбіреулері бұрылып кетіп қалуда. Негізінен, бұл жақын маңдағы ауылдарға баратындар, Атырауға баратындар табанды тұр.

Үш сағаттан соң «кептелістен» ауадан шыққандай, ақ түсті шағын автобус пайда болып, қара көк фигуралар көрінді.

– Олар толып кетті – деп дауыстап айқайлады біздің жүргізуші.

Үш полиция қызметкері көлікке жақындады, біз шығуға асықпаймыз, көліктердегі «кептеліс» тым-тырыс болып қалды. Бізге түскен назар физикалық түрде сезіледі, ондаған көздер біздің «Ларгусты» үнсіз бақылауда.

— Жергілікті полиция қызметі бөлімі, полиция аға лейтенанты Исатаев Мирас, – олардың бірі жай дауыспен, алдыңғы орындықта отырған Лұқпанның терезесіне «куәлігін» созады.

– Тыңдап тұрмын?

– Сонымен, – екінші полиция қызметкері бетперде киген дөңгелек бетіне қатаңдық беруге тырысады. – Абай полиция бөліміне мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы, – полицей қағазды алып, » Неге?» деген сұрақты елемегендей күй танытып.

Қағазды қолына алып, Лұқпан дауыстап оқи бастайды: «Абай полиция бөлімінің тергеушісі аға лейтенант Адаев… қылмыстық іс материалдарын қарап …тергеу бөліміне …қылмыстық іс бойынша қаулы етті….2020 жылғы желтоқсаннан бастап 423-бап бойынша …Ахмедьяров Лұқпан Сайлауұлының атына қылмыстық істі тергеу барысында …02,02, 21 жыл ….қосымша жауап алу үшін оны жеткізу керек … тергеу әрекеттерін жүргізу үшін мәжбүрлі түрде жеткізу … Кеше ол маған 5 ақпанда шақыру қағазын жазды», – деп Лұқпан ашуланды. – Мәжбүрлеп жеткізу адам келуден жалтарған кезде ғана қолданылады. Мен 2 ақпанда болдым, мәселе неде? Мұнда ойлап табудың қажеті жоқ!

Мен көліктен түсіп, жағдайды түсіре бастадым.

— Сәлеметсіз бе, Рауль Дмитриевич, – деп үшінші полицей амандасты. — Сіз қазір заңды бұзғаныңызды түсінесіз бе? – деген дауыс машинадан шықты.

— Біз таныспыз ба? –деп жауап беріп. — Өзіңізді таныстырсаңыз.

– Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Сұлтанғалиев Ернар Тимурұлы

— Сіз мұның бәрін неге ұйымдастырдыңыз, кептелісте қанша адам тұрғанын көресіз бе? – сіз мұнда бәрін үшінші сағат ұстап тұрсыз! Сіз ТЖД бір сағат бұрын бәрін ашқанын білесіз бе?

— Өзіңіз қараңызшы, – дейді мойынын бұрып Арман Тимурұлы. – Қандай тұман, – Атырау жаққа қарай айқын жолды көрсетіп. – Ал ТЖ туралы естіген жоқпын, бізге басшылық бұйрық берген жоқ. Осы сөздерден кейін полиция қызметкері көліктен шыққан Лұқпанмен келісуге тырысып, көлікке қарай бет алды

— Сіз бір кездері полицияға қылмыскерлерді ұстау үшін жұмысқа тұрдыңыз», – деп үш полиция қызметкерін Лұқпан жерден алып, жерге салуда. Сыртынан қарағанда, бұл оқу меңгерушісі дәретханада темекімен мектеп бұзақыларын ұстағандай көрінеді.

– Бұл жерде жеке сұрақтардың қажеті жоқ, -деп, Ернар Тимурұлы алақанын сипайды. – Сіз бағынуыңыз керек…Мен сізді мәжбүрлеймін…менің міндетім сізді тек жауап алу үшін жеткізу.

– Жарайды, – деп жауап береді Лұқпан. – Мені Атырауға жібермеу үшін барлық уақытта осында тұрған адамдарды ұстадыңыз ба? Маған шақыру қағазын беру үшін? Жауап сөздер болған жоқ. Осы уақытта жолаушылар көліктерден шығып, барлығын смартфондарының камераларына түсіре бастады. «Кептелістегі» көліктердің саны өте көп, қатарға Атырау жағынан жүк көліктері қосылды. Лұқпан полицейлермен бірге көліктеріне мініп кетті.

Көшім-Чапаево

160 км

Біз көлікке отырдық, жүргізуші аң-таң.

– Анда ер адамдар айтуда, -деді, басқа жүргізушілерге қарай қолымен нұсқап, – бәрі сіздер үшін.

– Көрейік, егер олар қазір өткізіп жібере бастаса, онда 150 пайыз, бұл біз үшін.

Бес минут та өтпеді, қалған инспекторлар айтарлықтай жанданды, кептеліс орнынан қозғалды, БҚО полициясы Республикалық маңызы бар тас жолды ашып, үш сағат ұстаған көліктерді жібере бастады. Атырау жағына қарай қозғалған көліктерді көріп, біз ерекшке таңдандық. Біз заңның өрескел бұзылуына куә болдық.

— Иә, солай, иә, қалады және жауып тастады? -деп жүргізуші ренжиді. – Шынында да… артықтау!

Біз одан әрі қозғаламыз.

Чапаевоға дейін уақыт болған оқиғаны талқылаудан байқалмады. Бастысы тұман шайдай ашылды Атырауға дейін ашық болатынын көрсеткендей. Чапаеводағы постта бізді тағы да полиция қызметкері тоқтатты, мен телефондағы камерамен шықтым. Полиция Антонның құжаттарын қарап жатыр.

– Тоқтату себебі? – деп сұраймын мен, бірақ полиция қызметкері бұл сұрақты жауапсыз қалдырды. «Патрульден» екінші полицей шығып, өзін инспектор Руслан Сапарғалиев деп таныстырды.

-Бізге нұсқау келді, – деді инспектор жалқау жауап беріп – Мәселе мынада, бүгін таңертең ұқсас нөмірлері бар автокөлік Круглоозерное кентінің маңында ЖКО жасаған.

– Қайда? – дейді Антон таңданыспен. – Біз ол жерде физикалық болмадық, сіз не туралы, жалпы?

– Біз Переметное кентінен өттік, – деп түсіндіруге тырысамын. Сонымен бірге инспектор Русланның бет-әлпеті ұқыпсыздықты білдіреді. Жанарын басқа жаққа бұрып – жағдай анықталғанға дейін бізбен бірге Чапаев АІІБ — ге бару керек, – деп жалғастырады ол. Екінші инспектор бұл уақытта жүргізушіден құжаттарды алып алды, бірақ біз ашуланғаннан кейін оларды қайтарды. Біз Чапаевоға патрульдік машинаның еруімен келе жатырмыз. Полиция біздің жүргізушімен бірге екі қабатты ғимаратта жоғалып кетті. Енді оператор екеуімізге Атырауға түспейтініміз анық.

Жүргізушіні бір сағат күтіп, біз оған қоңырау шалдық, таңқалғаным Антон телефонды алды.

– Саған не айтуда? – деп сұрадым мен.

– Ештеңе де, – дейді ол.

«Олар жол — көлік оқиғасы фактісін журналға жазып, ұстау хаттамасын жасауы керек», – дедім мен Антонды кешке дейін ұстап, уақытты созатындығын жақсы түсініп.

-Олар көрші ауданнан қандай да бір криминалист күтетінімізді айтты, — дейді Антон, бұл менің қорқынышымды ақтайды. Осы уақытта оператор тағы бір көлікті тапты.

Ол Будариннен келе жатыр, барамыз ба? – деп сұрады Исатай. Мен келістім. Жабдықтың бір бөлігін машинада қалдыруды шештік, мысалы, ауыр штатив. Біз Антонмен хабарласып, біз өз жолымызды жалғастыратынымызды айттық, жүргізуші түсіністікпен қарайды. Полиция бөлімшесінің ашық есігі арқылы жүргізуші Ларгусты жауып тастады, біз онымен қоштасып, лас қарды тапап, алыстап кеттік.

Чапаев -?

210 км

Ақ минивэн шалшық пен батпақты кешіп жайлылықты сездіріп жүйткіп келеді. Біз сұп-сұр полиция ғимаратынан біршама алыстап, рюкзактар мен жабдықтарды «Тойота Альфард» көлігінің жылы ішіне жүктедік. 25 жастағы жас жүргізуші мейірімді және сабырлы көрінді, біз Чапаеводан бізді тоқтатудың аяқталғанына толық сенімді болдық. Жүргізуші бізге бұрылып: «Кресло арқасын жантайта аласың, бауырым» деді. Атырау полициясы біздің адамдарға аз қызығушылық танытады деген үмітпен БҚО-дан кетіп барамыз. Бізден басқа Атырауға екі жас жігіт бара жатты. Олардың айтуынша, олар Нұр-Сұлтанға ұшатын рейске кешігіп келеді. Бізді 50 шақырымнан кейін Чапаеводан шыққан патрульдік машина тоқтатты.

Жүргізуші құжаттармен шығып, жоғалып кетті. Ол 15 минуттан кейін пайда болды. «Олар сіздер үшін келген сияқты», – деді ол көңілсіз, мен көліктен шықтым.

Екі полиция қызметкері сасып қалды. Көзге тіке қарамай, олардың бірі өзін таныстырды — аға лейтенант ….оның атын өткен жүк көліктері шуы естірмеді.

– Біздің тоқтауымыздың себебі? – деп мен автоматты түрде сұрадым.

– Кезекші бөлімге 102 пультінен, – аға лейтенант өте түсініксіз түрде айта бастады, – бұл көліктің жүргізушісі … -жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысады деген хабарлама келді. Міне, сол …жүргізушіні тексереміз қазір … сіздерді тексеремз.. полицей сөзден шатыса бастады. – Сіз таксимен келе жатырсыз ғой, солай ма?

— Сіз бізді неге тоқтаттыңыз? – деп, мен қайтадан сұраймын.

— Сіз түсінесіз … сіз бәрін түсінетін шығарсыз.

Осы уақытта жүргізушіні екінші қызметкер тексеріп жатты.

– Сіз бізді Атырауға бара жатқанымыз үшін тоқтаттыңыз ба, дұрыс па? – деймін мен.

– Біз сізді қандай мәселе бойынша тоқтатқанымызды өздеріңіз білесіздер.

– Анда салонында ұшаққа кешігіп келе жатқан жолаушылар бар, содан кейін сіз оларға билеттерді сатып аласыз ба?

Екінші полиция қызметкері әңгімеге араласты.

– Сіз жүргізушімен қандай да бір сома туралы келістіңіз бе?

– Жоқ, бұл жолшыбай тоқтатқан көлік.

«Біз сізден түсініктеме алып, әрі қарай жібереміз», – деді полиция қызметкері. Мен оған сенбедім. – Барлығынан да, жолаушылардан да түсініктеме керек пе.

Ашуланған жастар минивен салонынан шығып, қағаздарды толтыра бастады. Жүргізуші мені оңаша шақырып алып:»Олар менің Чапаевоға оралғанымды қалады, мен оларға бармаймын деп жауап бердім, эвакуатор шақырсын». Мазмұнын психиатрия курстарында сенімді түрде көрсетуге болатын түсіндірме жазып, мен автомобильдің жылы салонына оралдым. Қағаздарды толтыру процедурасы бір сағатқа созылды, жолаушылар суық желден көлікке отырды. Біздің жүргізушімізді инспекторлар тағы да «патрульдік көлікке» отырғызды.

– Сіз бізді мұнда ұзақ уақыт ұстайсыз ба? Білесіз бе, мен сізбен бірге барайын, неге бәрін осында ұстап тұрсыз? -деп, мен полицейлерге жүгіндім. Біз оператормен бөлінуді шештік, бірақ, бақытымызға орай, минивен жүргізушісі босатылды.

– Сіз түсінесіз, біз жай орындаушылармыз, – деді аға лейтенант. – Біздің бастықтарымыз, түсінесіз бе…олар бізге бұйырады. Біз жай ғана орындаймыз, болды…

Индер-Атырау

335 км

Мені Лұқпанның таныс дауысы оятып жіберді, ол жүргізушінің қолында телефоннан естілді. Ол жеке пикеттен Лұқпанның кешке Оралға қайтып келгеннен кейін өткізген видеосын көріп отырды.

– Тыңдаңыз, таңертең сізбен бірге жүрген адам, ғой? – деп, жүргізуші менен жымиып сұрады.

— Дәл өзі.

— Не үшін, бұлар сіздерге тоқтату жариялады, неге?

– Ертең Атырауда азаматтық белсенді Макс Боқаев бостандыққа шығады, ал біз оның бостандыққа шыққанын түсіргіміз келеді, шамасы, оларға бұл ұнамайды.

Атырауда кеш тыныш өтті. Біз таныстарымызда жүргізушіміз Антонды күтеміз, оны полицияда шамамен 4 сағат ұстайды және ұстаудың себебін түсіндірмейді.

Атырау-Исатай мен Махамбет алаңы

Келесі күні таңертең ұйқымыз қанбай, Махамбет пен Исатай алаңына келе жатырмыз. Дәл осы жерде ұзақ қамаудан кейін босаған, заңсыз сотталған Макс Боқаев келеді.

Алаң бос дерлік, тек штаттағы адамдар ғана жүр. Макс алаңға пікірлестер мен журналистер тобында сенімді түрде келе жатыр. Қарсы алушылар Жаңаөзен мен Петропавл, Ақтөбе мен Алматы қалаларынан келді. Адамдардың бет жүздері жарқын, қуанышты. Достық құшақтар мен естелік суреттер. Ауада осы сәттің тарихи және қайталанбас сезімі бар. Әрбір екінші адам Facebook пен Instagram-да өз эфирін жүргізуде.

— Саяси тұтқындарға бостандық берілсін! -деді, Макс, жұмылған жұдырығын аспанға көтеріп.

– Бостандық! -деп, оған оншақты дауыс қосылды.

Бүкіл аумақтың периметрі бойынша байланыс тоқтатылып, интернет өшірілді. Бұл жиналғандардың шынайы қуаныштарын тоқтатпайды. Аз болса да, бірақ болып жатқан оқиғамен салыстырғанда, лас әрекетті жасырады.

Макс Боқаев барлық жиналғандарға ұйымдастырылған кездесу үшін алғысын білдірді.

– Осы уақытта және осы елде түрмеде отырудан қорқынышты және ұят нәрсе жоқ. Мен билік менен талап еткендей «түзелмеймін» деп ресми түрде айтқым келеді. Биыл Қазақстан жерін сатуға мораторий мерзімі аяқталады. Сондықтан да мен осы нормамен түбегейлі келіспеуімнің белгісі ретінде осы жылдың наурыз айында митингтерге шығатын боламын. Мен Қазақстанның барлық қалаларында 28 ақпанда және әр жексенбіде бейбіт митингілерге шығуды ұсынамын. Егер осыдан кейін режим біздің талаптарымызды орындамаса, онда 3 сәуірде қалалардың барлық орталық алаңдарында шатырлар орнатып, сол жерде болуға шақырамын. Менің сенімдерім өзгеріссіз қалады. Мен жаңа сот пен түрмеден қорықпаймын. Түрмеде әр түрлі адамдар отыр, олардың арасында жақсы, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, өз елінің нағыз патриоттары бар — Макстың бұл сөздері ду қол шапалақпен үзілді.

Макс асығыс, алда журналистермен және көптеген жолдастармен кездесу бар. Бірақ ол көпшілік пен қобалжу болмайтын жерге барады. Ол қарт анасы оны бес жыл күтіп отырған үйге барады.

Рауль Упоров, Суреттер автордікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с