«Тағылған айыптармен келіспеймін»: адвокат Саян Жүнісбаев
БҚО Ақжайық ауданында мал ұрлығы бойынша атышулы қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 4 ақпан күні сот процесінің үшінші отырысы өтті. Сотта прокурор мен сотталушылардың қорғаушылары жәбірленушілерден жауап алды.

Айыпталушы ағайынды Ешовтардың адвокаты Саян Жүнісбаев тағылған айыптарға келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, Ақжайық аудандық полиция бөлімі осыған дейін болған барлық мал ұрлау фактілерін Ешовтарға жауып жібергісі келіп отыр.
— Ақжайық аудандық полиция бөлімі осыған дейін болған мал ұрлау фактілері бойынша ашылмаған қылмыстық істерді ағайынды Ешовтарға іліп қойды, — дейді Саян Жүнісбаев.
Оның айтуынша, осылайша Ақжайық аудандық полиция бөлімі өткен жылдардағы мал ұрлығын ашу көрсеткішін жақсарту үшін істеп отыр дейді.
Естеріңізге саламыз, мал ұрлады деп бес адамды қамалды, оның төртеуі ағайынды Ешовтар. Шағымданушылардың сөзінше, олар екі жыл ішінде мыңға жуық жылқы ұрлаған. Жарты жылға созылған тергеу жұмыстары аяқталып, іс сотқа жіберілді, бірақ ауыл тұрғындары тергеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтады.
Айта кетейік, келесі сот отырысы 9 ақпанға белгіленді.
Тақырып бойынша оқыңыз:
БҚО-да мал ұрлау бойынша Қазақстандағы ең ірі қылмыстық іс сотқа жіберілді
Мал ұрлығы бойынша сот: сотталушылар кінәсін мойындамайды
«Мылтық атып әйелімді қорқытты»: Ешовтарда жұмыс істеген көмекші өз шыңдығын айтып берді




