БҚО-да оқушылар мен мұғалімдер арасында коронавирус жұқтыру көбейіп кетіп отыр

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, соңғы аптада 42 оқушы, 16 мұғалімнен індет табылды.

Оның сөзіне қарағанда, оқу жылы басталғаннан бері 365 оқушы ауырса, соның 173-і дәстүрлі түрде, 192-сі қашықтан білім алған. Ал үшінші тоқсанда 11 қаңтардан бастап сырқаттанған 151 шәкірттің 75-і дәстүрлі түрде, 76-сы қашықтан оқиды. Қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 31 мектепте 45 сынып карантинге жабылды. Сондай-ақ, төрт мектеп толықтай жабылған.

«Біз 8 ақпаннан бастап қаулыға өзгерістер енгіздік. Бұрын індет шыққан сынып қана карантинге жабылатын. Бұдан былай бір оқушы немесе мұғалімнен коронавирус анықталған жағдайда сол мектеп түгелдей инкубациялық кезең аяқталғанға дейін, яғни 14 күнге карантинге жабылады», – деді өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері М.Арыспаев.

Облыста 1 қаңтардан бері 2 480 адам ауырса, соның 1837-сі қаңтарда, 643-і ақпанда тіркелген.

Соңғы аптада аурушаңдық деңгейі 5,6 пайызға төмендегенімен, ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр.

Ақпан айында коронавирус жұқтырғандардың 202-сі немесе 31,4 пайызы – жұмыс істейтін адамдар, 177-сі (27,5 пайызы) – зейнеткерлер, 144-і (22,3 пайызы) – жұмыссыздар, 42-сі (6,5 пайызы) – оқушылар, 24-і (3,7 пайызы) – медицина қызметкерлер.

Індет жұқтырғандар арасында мемлекеттік қызметшілер де бар.

Айталық, облыстық құрылыс басқармасында осындай жағдай тіркелді.

«Орал қаласы, сонымен қатар Бәйтерек, Бөрлі, Ақжайық, Тасқала және Шыңғырлау аудандары әлі де «қызыл» аймақта тұр. Сондықтан карантин талаптарын қатаң сақтау керектігін ұмытуға болмайды», – деді департамент басшысы.

Бүгінгі күні облысымызда – 51 адамнан ауру анықталып, жалпы саны – 11 701 адамға жетті, 199 адам қайтыс болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.88 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с