Баласын дәретханаға тастаған: БҚО-да 19 жасар қызға үкім шығарылды

Ол баланың әкесі жауапкершілікті қабылдаудан бас тартқасын оны дәретханаға тастаған.

Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының тұрғыны жаңа туған нәрестесін сырттағы дәретханаға тастағаны үшін, екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды. Liter.kz.

№2 Казталов аудандық соты 19 жастағы студентті «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша кінәлі деп тапты.

Судья Айбар Бижанов: «Оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын», — деп үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің екінші курс студенті 2020 жылдың қыркүйегінде танысынан жүкті болғанын білді. Қыз бұл туралы ешкімге айтпады.

«23 қарашада сотталушы үйде отырып дәлізге шығып, ұл бала босанған. Не істерін білмеген ол, баланың кіндігін қайшымен кесіп, баланы целлофан пакетіне орап, түйіндеп байлап, жеке үйдің сарайында орналасқан көше дәретханасына тастаған. Содан кейін ол дәліздегі қанды сүртіп, өзі жуынып, бөлмесінде жатып қалған. Дүкеннен оралған қыздың анасы қызының өзін нашар сезінгенін көріп, жұбайымен бірге ауруханаға жеткізді. Сол кезде болған оқиға туралы белгілі болған», — делінген үкімде.

Қыз өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, жүктілік туралы білгеннен кейін оның жігіті бала үшін жауапкершілікті қабылдаудан бас тартқан. Ата-ананың қаһарынан қорқып, қыз жаңа туған нәрестеден құтылуды шешкен.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, сәбидің өлімінің себебі — тұншығу.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.99 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с