«Саяси қуғын-сүргінге қарсы»: белсенділер Макс Боқаевты қолдауға арналған митинг өткізбекші

«Уральская неделя-Орал апталығы» басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров және бірнеше жергілікті белсенді бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарлама жіберді. Белсенділер Макс Боқаевқа қойылған шектеулерге наразылығын білдірмекші.

«Уральская неделя-Орал апталығы» басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров және бір топ белсенді

Бүгін, 8 ақпан күні «Уральская неделя-Орал апталығы» басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедьяров және бірнеше жергілікті белсенді қалалық әкімдікке бейбіт жиналыс өткізу туралы хабарлама жіберді. Мұның себебі жақында түрмеден босатылған Макс Боқаевқа қойылған шектеулер болды. Атап айтқанда, оған қоғамдық қызмет жүргізуге, сондай-ақ, журналистермен сөйлесуге тыйым салынды. Шектеу шараларының толық тізбесі 11 тармақтан тұрады. Лұқпан Ахмедьяров мұны саяси қуғын-сүргін деп атады:

— Бүгін біз бейбіт митинг өткізуге екі хабарлама жібердік. Макс Боқаевты түрмеден босатқанда қойған шектеулер мен шараларға біз наразымыз. Макс Боқаев заңсыз сотталып, түрмеде бес жыл отырып шыққаны аздай, бостандыққа шыққан кейін оған заңға да, адамгершілікке де ақыл-ойға да сай келмейтін шектеулер қойып отыр. Біз бұл мәселеге қоғам назарын аудару керек деп санаймыз. Өзін қалыпты құқықтық мемлекет санайтын Қазақстанда бұндай жағдайлар болмауы тиіс. Егер затты өз атымен атайтын болсақ – бұл саяси қуғын-сүргін. Сондықтан біздің митингіміз — саяси қуғын-сүргінге, саяси озбырлыққа қарсы. Сонымен қатар, елдегі саяси реформалардың қажеттілігіне назар аудару үшін митинг өткізгіміз келеді, — деді Лұқпан Ахмедьяров.

Жиналған белсенділерде Макс Боқаевқа қойылған шектеулерге наразы екендігін айтты. Белсенділердің сөзінше Макс Боқаевқа салынған шектеу шараларының ең сорақысы — бұл оған жұмыс істеуге тыйым салынғандығы дейді. Осыған орай, белсенділер елдің болашағына немқұрайлы қарамайтын тұрғындарды бейбіт митингке келулерін сұрады.

Бейбіт митинг 2020 жылдың 28 ақпанында, сағат 12:00-де екі жерде өткізіледі деп жоспарлануда:

1) Орал қаласы, Жайық өзенінің жағалауындағы алаң.

2) Орал қаласы, Назарбаев даңғылы, «Қазақ халқының даңқты қыздары» алаңының артында орналасқан саябақта (бұрынғы Мәншүк Мәметова аланы)

Серік ЕСЕНОВ 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-09
Утром0.71 ℃
Днем16.31 ℃
Вечером10.34 ℃
Ночью8.37 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра2.54 м/с
2026-10-10
Утром5.04 ℃
Днем19.71 ℃
Вечером15.41 ℃
Ночью11.14 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.64 м/с