БҚО-да бос тұрған мейрамханаларды мемлекетке жалға бере бастады
Жұмыссыз отырған рестораторлар биліктің бизнесті жалға беру туралы ұсынысына қызығушылық танытты. БҚО басшысының бастамасына үн қосқан алғашқы нысандар пайда бола бастады.
БҚО Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Орал қаласының өзінде ғана 70 мейрамхана мен банкет залдары өз қызметін тоқтатқанын мәлімдеді. Облыс бойынша мұндай нысандар саны жүзден асады.
«Бізде шығармашылық және мәдениет үйлері, спорт нысандары, әлеуметтік қолдау орталықтары қажет. Тоғыз бизнес-нысан өз үй-жайларын жалға беруге дайын. Олардың бірі ашылды. Үй-жайдың орналасқан жері мен жай-күйіне байланысты жалдау сомасы бір шаршы метр үшін 2-2,5 мың теңгені құрайды. Мерзімі – бір жылдан үш жылға дейін. Сатып алулар ашық конкурс және баға ұсыныстарын сұрату жолымен өткізілетін болады», – деп хабарлады өңірдің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Бақдәулет Ибраимов.
БҚО әкімі Ғали Есқалиев көптеген бизнесмендер шектеулердің біздің қоғамға ұзаққа келгенін түсінгенін мәлімдеді. Форматты өзгерту туралы шешім саналы түрде қабылданды.
«Кәсіпкерлік басқармасы бұл жұмысты жалғастыруы керек. Бұқаралық іс-шаралар бұрынғыдай пайда әкелмейді деген болжамдар бар. Оның орнына қоғамға пайдалы нысандар ашылады», – деп түсіндірді Ғали Есқалиев.
Айта кетейік, БҚО мен Оралда рестораторлар өздерінің жағдайы туралы баяғыда мәлімдеген болатын. Бизнесмендер жиһаз бен құрал-жабдықтарды сатуға мәжбүр. Штаб отырысында БҚО әкімі Ғали Есқалиев нысандарды әлеуметтік қажеттіліктерге беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді ұсынды.