Батыс Қазақстанда орман қоры жерлерінің бір бөлігі жол салу үшін алынады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бөрлі ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» және «Орал ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің орман қоры жерінен жалпы алаңы 11,55 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын, – құжатта айтылған.
Түсіндірме жазбадан көрініп тұрғандай, жерді ауыстырудың мақсаты – а-30 «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы»республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын 1 млн 935 мың теңге мөлшерінде республикалық бюджеттің кірісіне өтейді деп көзделуде.
Бұдан басқа, орман дақылдары үшін 448 758 теңге, сондай-ақ ағаш шығыны үшін 161 130 теңге мөлшерінде төлемақы ставкалары бойынша орман шаруашылығы өндірісінің шығындары өтелетін болады.
Құжат 2021 жылғы 24 ақпанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.