Орал полициясында балабақша тәрбиеленушілерін ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Полиция департаменті қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қозғалды. Бұл іс бойынша тергеуді Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Лида Булатова жүргізеді. ҚР ҚІЖК-нің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» деген 201-бабына және тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы толық ақпарат ұсынбады.
Еске салайық, оқиға «Ғажайыптар елі» балабақшасында, дайындық тобында болған. Балалардың айтуынша, оларды бірнеше ай бойы үнемі ұрып-соққан. Тәрбиешіден қорыққан олар ата-аналарына ештең айтпаған. Белгілі болғандай, ол балаларды бұдан да қатаң жазамен қорқытқан.
Ата-аналар балабақша директоры Әлия Мерековаға «WhatsАрр» мессенджерінде жүгінгеннен кейін, ол туындаған жағдайға байланысты ата-аналармен келісімшартты бұзатынын айтты.Керсінше, тәрбиешіге тимей, ата-аналарды сотқа беріп, тәрбиешіге жала жапқаны үшін оларға моральдық шығын төлеттірмек.
Ата-аналардың айтуынша, балабақша директоры бұдан былай олармен сөйлескісі келмеді және болған жағдай туралы сөйлесу үшін кездесуді ұсынбаған.
Осыдан кейін балалардың ата-аналары полицияға және қалалық прокуратураға арыз беріп, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірхановамен кездесті.
Наталья Кофейникова, алты жасар Платонның анасы, ол басқа ата-аналармен бірге инстанцияларға қалай барғаны туралы айтты.
— Біз полицияның жедел пунктіне өтініш бергеннен кейін қалалық білім бөліміне бардық. Аналардың бірі бізден ертерек келіп, балаларымыз баратын балабақша директорының оның жанынан өтіп, екінші қабатқа көтерілгенін көргенін айтты. Барлық аналар жиналған кезде бізді тағы қырық минут басшыға жібермеді. Бізге басшы орнында жоқ, содан кейін ол бос емес деп айтылды. Нәтижесінде, біз кабинетке кірген кезде, қалалық білім бөлімінің басшысынан басқа, балабақша директоры болды, — деді Наталья Кофейникова.
Оның айтуынша, балабақша директоры алғаш рет балалардың аналарымен болған жағдай бойынша диалог жүргізді.
Айта кету керек, «Ғажайыптар әлемі» балабақшасының директоры Әлия Мерекованың телефоны әлі де «желіден тыс жерде».
Мария Драчева