Оралда мекеме басшысы антисептик пен гүлге ақша жинатқан

Орал қаласындағы Оқушылар сарайында аула сыпырушы болып жұмыс істеген Еламан Сағынбаев редакцияға шағына келді. Айтуынша, өткен жылы мекеме басшысы Сандуғаш Алманбетова антисептик пен гүл сатып алу үшін кіші қызметкерлерден ақша жинатқан.

Еламан Сағынбаев

– 2020 жылдың маусым айының 1-інде қойма меңгерушісі Гүлсара Булкашева келіп, басшының тапсырмасымен аула сыпырушылар мен еден жуушылардан антисептикке 100 теңгеден жинап жүргенін айтты. Сосын мен: «Қарындас, менің сегіз балам бар, азғантай жалақымнан ешқандай ақша бере алмаймын, оның үстінде бұларың заңсыз. Мемлекеттік мекеменің бюджетінде еден жуатын шүберекке тағы да басқа осындай ұсақ-түйек нәрселер алу үшін қаржы қарастырылған ғой. Неге сендер антисептикке ақша жинайсыңдар?» дедім. Үндемей кетіп қалды. Менің айтқан сөзімді басшы Сандуғаш Алманбетоваға жеткізіп барған. Содан 9-ы күні басшының өзі бүкіл қызметкерді жинап, жиналыс өткізді. Жиында ол «Есік алдына гүл егеміз, соған 300 теңгеден беріңіздер» деді. Мен тағы да берген жоқпын. «Біздерден 100-300 теңгеден ақша жинауларыңызды доғарыңыздар, мүлдем дұрыс емес» дедім. Жиын айғай-шумен аяқталды. Ертесіне кешкі бестен аса басшы кабинетіне шақыртты. Бардым. Барсам маған «обходной жаз» деді. «Неге, не үшін жазам? деп сұрадым. Жөнді жауап берген жоқ. «Жазуға міндеттісіз, жазасыз» деді, болды. Мен жазған жоқпын,-дейді Еламан Сағынбаев.

Оның сөзінше, осыдан соң аула сыпырудан бөлек, гүл суаруды да міндеттеген. Жұмысқа келіп-кеткен уақытын да қатаң қадағалауға алған.

– Менің негізгі міндетім – аула сыпыру ғой, гүл сурау емес. Қосымша жұмыс жүктей ме, онда ақша төлеуі керек. Ал олар көк тиында төлегісі келмеді. Бұл – бір. Екіншіден, қызметкерлердің жұмысқа нешеде келіп, нешеде кеткенін күзетші табелге толтырып отырады. Күніне тек екі рет қойылатын белгіні маған төрт рет қойған. Оны бір күні кілт тапсыруға барғанда ашық жатқан табелден көрдім. Күзетшілерден «Неге маған төрт белгі қойғансыңдар?» деп сұрасам: Олар: «Қойма меңгерушісі бізге солай деп тапсырма берді» дейді. Бұл кезде басшы Сандуғаш Алманбетова ауырып жұмысқа келмей жүрді. Сосын мен о кісіге «менің артымнан түсіп, қудалауды тоқтатыңыздар» деп арыз жаздым. Одан ешқандай нәтиже шықпағасын қалалық білім бөліміне шағымдандым. Шамамен үш-төрт күннен кейін мені, басшының уақытша міндетін атқарып жүрген адамды, күзетшілерді, қойма меңгерушісін шақыртты. Сол жиында келісім комиссиясын құрып, келісіңдер деп тапсырма берді,-дейді Еламан Сағынбаев.

Айтуынша, басшылар келісуге емес, қайта қызметтен кетіруге асыққан көрінеді. «Бұл адам (Еламан Сағынбаевты – ред) ештеңеге түсінбейтін сауатсыз» деп кінәлаған. Айлық жалақысын дұрыс есептемей бірнеше жалған бұйрықта шығарған.

– Атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсыру үшін бухгалтерден анықтама беруін сұрадым. Анықтамада көрсетілген жалақы мен ай сайын алып жүрген ақшам мүлдем сәйкес келмейді. Ашуланып, айғай шығардым. Сосын еңбек инспекциясына, қалалық, облыстық прокуратураға тексеріс жүргізулерін сұрап арыз-шағым жаздым,-дейді ол.

Алайда қалалық прокуратура білім бөліміне, облыстық прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментіне жолдаған. Бірақ олар «тексеруге негіз жоқ» деп жауап берген. Еңбек инспекциясы да осындай сарында жауап қатқан.

– Бір-біріне сілтеп берген жауаптарында басшылар кінәсіз. Мен кінәлі екем. Арыз жазып, өз құқығымды қорғағаным үшін жұмыстан шығарып жіберді,-дейді Еламан Сағынбаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің Еламан Сағынбаевқа берген жауабы

Ал Оқушылар сарайының әдіскері (бірнеше ай басшының уақытша міндетін атқарған – ред) Қарлығаш Таскарина Еламан Сағынбаев келісім шарт аяқталуына байланысты жұмыстан босатылғанын айтады.

– Бұрынғы басшымыз Сандуғаш Алманбетова денсаулығына байланысты қызметтен кетті. Енді Еламан Сағынбаевқа келетін болсақ, ол адам 2019 жылдың желтоқсан айында бір жылдық келісім шартпен жұмысқа алынған болатын. Өткен жылы келісім шарт біткесін жұмыстан шықты. Біз келісім шартты әрі қарай ұзартқан жоқпыз. Ұзартуға болатын еді, бірақ о кісі жүрген жерінде айғай шығарып жүрді. Жұмыста арақ ішіп, бірнеше рет ескерту де алды. Үстелді ана жерге апаруға көмектесіңізші десек, дереу арыз жазады. Аула сыпырушының міндетіне тек аула сыпыру ғана емес, гүл суаруда кіреді. Ал антисептик пен гүлге ақша жинады дегенге мен нақты жауап бере алмаймын. Алайда осы үшін білім бөлімінен ескерту алдық,- дейді Қарлығаш Таскарина.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером25.27 ℃
Ночью22.59 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.29 м/с
2024-09-10
Утром17.98 ℃
Днем27.63 ℃
Вечером26.61 ℃
Ночью22.19 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.02 м/с