Шетелдік азамат ауыр жүк көлігімен БҚО тұрғынын қағып, апат болған жерден қашып кеткен

Полицейлер жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды  «ізін суытпай» ұстап, уақытша ұстау изоляторына жіберді.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 9 ақпанда сағат 20.45-те Бәйтерек ауданы Мичурино кентінің жанындағы Самара-Шымкент тас жолында болған. Қырғызстан азаматы DAF автокөлігін жүргізіп келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан 33 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

– Алған жарақаттардан зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмды, ал ауыр жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан. Мәйіт мәйітханаға сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК – нің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және ҚР ҚК-нің 347-бабы «ЖКО орнын қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полициядан.

Жаяу жүргіншіні тағы қағып кету оқиғасы сол күні сағат 18.50-де Т.Масин мен Даумов көшелерінің қиылысында болды. 28 жастағы жүргізуші жүргізуші куәлігінсіз рульге отырып, қиылыста жолдан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелді қағып кетті. Жәбірленуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 – бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп қорытындылады полицейлер.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-20
Утром12.4 ℃
Днем22.07 ℃
Вечером17.19 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра10.98 м/с
2025-05-21
Утром12.9 ℃
Днем22.71 ℃
Вечером18.99 ℃
Ночью12.63 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.77 м/с